"Балаларым күніге үш сағат цехта жұмыс істейді": Отандық актриса балаларын не үшін жұмысқа салғанын түсіндірді

"Балаларым күніге үш сағат цехта жұмыс істейді": Отандық актриса балаларын не үшін жұмысқа салғанын түсіндірді

Актриса Гүлшарат Жұбаева тек өнер саласында ғана емес, елімізге белгілі кәсіпкер ретінде де танылды. Өнерпаз бірнеше жылдан бері цехын басқарып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Актрисаның халыққа айтар жаңалығы көп екен. Бишілігін қолға алуды жоспарлап, көпшіліккке насихаттасам деген ниеті бар. Сондай-ақ, Гүлшарат Жұбаева қазіргі кезде кішігірім телесериалдардан көрініп жүргенін айтады. Оның да себебі бар екен. Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында толығырақ.

–    Гүлшарат ханым, карантиннен кейін қызу жұмысқа кірісіп кеткен сияқтысыз. Декреттік демалыстан шығармашылыққа қашан оралу жоспарыңызда бар?
–    Карантин аяқтала сала екінші өнідірістік цехымызды іске қосып жатырмыз. Соған көбірек көңіл бөлудемін. Біраз адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жатырмын. Балама 4 ай болды. Өсіп қалды. Кеше ғана баламмен бірге «Қанатсыз құстар» телесериалының түсіріліміне барып келдім. Соңғы уақытта үлкен рөлдерді сомдап жүрген жоқпын. Өйткені көп уақытың кетеді. Мен одан гөрі сәбиіме көп көңіл бөлгім келеді. 

 

–    Биші екеніңізді білеміз.  Өнеріңізді қайта қолға алғалы жатқаныңызды парақшаңызда жазған екенсіз. Көп ұзамай сізді сахнада көріп қалуымыз мүмкін бе?
–    Карантин кезінде өзімізге есеп беріп, немен айналысқанымыз дұрыс соны саралап өттік десек болады. Өткенде архивтегі билерімді өз инста-парақшамда шығарып, оқырмандарыммен бөлістім. Негізі менің мамандығым – биші. Осыдан бес жыл бұрын билеп, Ташкентке барып арнайы бейнеклип түсірген болатынмын. Бірақ ол кезде көп мүмкіндігім болмаған еді. Сәтсіз шықты. Қазір енді сол билерімді қайта жарыққа шығарғым келіп жүр. Халық қызығып, қолдап жатса, неге би өнерін көрсетпеске? Негізі би өнері біздің елде көп насихатталынбайды. Әйтпесе бишілердің еңбегі әншілерден кем емес. Бидің көрінбейтініне, бағаланбайтынына кейде қынжыламын. Сол үшін авторлық билерді халыққа насихаттағым келеді. Жоспарым бар. 

–    Кішкентай күніңізден тынбай еңбек етіп келе жатқаныңыз туралы парақшаңызда жазып жүрсіз. Балаларыңызды да жастан еңбекке баулып жүргеніңізді инстаграм парақшаңызда жазып жүрсіз. Оларға жұмыс істеуге әлі ерте емес пе? 
–    Иә, парақшамда «Балаларыңды цехқа неге жұмысқа кіргіздің?» деп жазған оқырмандар да бар. Анам мені кішкентай кезімнен еңбекке баулыды. Еңбек етуді үйретті. Одан мен жақсы болмасам, жаман болған жоқпын. Сондықтан менің балаларым да күніге үш сағат цехта жұмыс істейді. Үйрене берсін. Көп нәрсе біліп, таныған сайын ертеңгі күні өмір сүру қабілеті жоғары болады деп ойлаймын. Анам бізді де осылай тәрбиеледі. Әрдайым қиыншылықтан шығудың жолдарын көрсетіп отырды.  Әр ата-ана өз баласының өскеннен кейін жақсы болғанын, өмірде өз жолын тапқанын тілейді ғой. Сол үшін балаларыма көмектескім келеді. Біздің көмек бар жағдайды жасау емес, керісінше өмірге бейім етіп тәрбиелеу. 

–    Жолдасыңыз балалардың жұмыс істеуіне қарсылық білдірмей ме? Яғни, кейбір кісілер «бала ғой, ойнасын» деп мүмкіндігінше баланы бос жіберіп қояды...
–    Жоқ, күйеуім мүлде қарсы емес. Ол да кішкентай кезінен еңбек етіп өскен адам. Балалар жауапкершілікті кішкентай кезінен сезінген дұрыс. Қазірден бастап олар сағат 14:00-ден кейін жұмысқа бару керегін түсінеді. Кешігіп қалса, ақшалары қысқарады. Осындай тәртіп қойылған. Дұрыс жұмыс істей білуді және ұжыммен бірге болуды осы бастан үйреніп жатыр. Әлі де үлгереді, әрине. Бірақ қазіргі заманның талабы жасқа қарамайды, қабілетіңізге, еңбекқорлығыңызға қарайды. Тіпті дипломды қажет көрмейді. 

–    Бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырсыз. Сүйікті ісіңізді қалай кәсіпке айналдыра алғаныңыз туралы айтып бересіз бе?
–    Осыдан он жыл бұрын тігінге ешкім қызықпайтын. Өйткені халық ол кезде сатып алғанды ыңғайлы көретін. Қазір көпшілігі тігінмен айналыса бастады. Хоббиіңді кәсіпке айналдыру үшін оған ерекше қадамдар жасау керек. Адамға қажетті нәрсені жасайтын болсаңыз, онда сұранысқа ие кәсіп болады. Кәсіп жасау әншілердің хит әні сияқты. Қазір бизнес ашуды үйретіп жүрген бизнес-тренерлер, психологтар көп. Өзім ондай кісілердің сабағын алып көрмеппін. Олардың ешқайсысы сізге мына бизнесің 100 пайызға жүреді деп айта алмайды. Халыққа өз қолтаңбаңды көрсетпегенше, затың пайдалы екенін білдірмегенше, кәсібіңіздің жүріп кетуі екіталай. Өзіңізді дәлелдеген кезде ғана жұмысыңыз жүреді.

–    Кәсіппен де, өнермен де айналысып жүрсіз ғой. Қай жұмыстан көбірек ләззат аласыз? Қай бизнестен табыс көп түседі?
–    Өнер де, кәсіп те менің бөлшегім сияқты. Біреуі қол, біреуі аяқ сияқты. Өмірімде әрқайсысының өз орны бар. Ана әр баласын өзінше жақсы көріп жататын сияқты, кәсіп те сондай. Тігін, би, киноға түсу, ешқайсысын бір-бірінен бөлмеймін. Кейде уақытымның басым бөлігін өнер жолына жұмсаймын. Сол үшін де уақыттың тығыздығына байланысты кейбір кәсіпті жабуыма тура келді. Табыс әрқалай. Кейбір кезде өнерден көп табыс түсіп жатады. Ал кейде қарасаң, тігіннен келеді. Мысалы, карантин кезінде тігіннен табыс тауып отырмын десем қателеспеймін. Қазір медициналық халаттар тігіп жатырмыз. Ескі заманнан бері еш өлмейтін кәсіптер: тамақ, құрылыс, тігін саласы. Сондықтан осы үш кәсіпке негізделген мамандық ешқашан жұмыссыз қалмайды. Осы себептен де жастардың осы үшеуіне бағытталуына кеңес берер едім. 

–    Қазір көп жастар бір іс бастау үшін мотивация іздеп жатады. Сөйтіп небір тренинг, курстарға ақшаларын береді. Кәсіп бастауда сіз мотивацияны қайдан алған едіңіз? 
–    Жаңа айтып кеткендей, мен ешқандай бизнес-тренингтерге барған емеспін. Бәрі өз тәжірибем арқылы келді. Бизнес кітаптарды қазір оқып отырып, мұның бәрін жасап тастаған екенмін ғой деймін. Өмірдің өзі тәжірибе ғой. Бір жерде ұтыласың, енді бір тұста жеңесің. Қателесу арқылы өз жолыңды табасың. Кейбір кісілер тренингтерге барудың фанатына айналып жатады. Бүкіл ақшасын, уақытын соған сарп етеді. Сол үшін тренинг фанаты болмаңыз дегім келеді. Әйелдердің мотивация іздеп, аффирмация, медитацияның соңынан кетіп жатқанын көремін. Сөйтіп шынайы өмірді ұмытып, қиялға кетіп қалады. Кейін ол өзін үлкен күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Негізінде көп нәрсе тәжірибе арқылы келеді. Жасағыңыз келген нәрсені істеп көріңіз, ары қарай халықтың көңілінен шықса өзі-ақ жүріп кетеді. 

–    Кино саласында өзіңізді қандай рөлде көргіңіз келеді?
–    Барлық жанрда түсіп келе жатырмын деп айтсам да болады. Бірақ комедия фильмдерге түсіп көрмеппін. Сол жанрда ойнағым келеді. Қазір өзіме қандай образ қажет екенін іздену үстіндемін. 


Сұхбаттасқан Анар ДӘУКЕН


 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста