Белі жоқ, даусы жуан, түрі қорқынышты: Сара Амангелді өзіне сын айтқандарға өкпелі

Белі жоқ, даусы жуан, түрі қорқынышты: Сара Амангелді өзіне сын айтқандарға өкпелі

КешYou тобының экс-әншісі Сара Амангелді отандық телехикаяда басты рөлде ойнаған еді. Алайда оған актерлік шеберлігінен бастап, сырт келбетіне дейін түрлі сындар айтылуда. Мұны бикештің өзі де жасырмайды. Ауыр пікірлерден кейін «жүрегім ауырып қалады» дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сара Амангелді

Сара Амангелдінің сөзінше, «Келінжан» телехикаясындағы рөлінен кейін өзіне айтылатын сындар легі артқан. Өз сөзінде ол аталған туындыдағы рөлі кино саласындағы алғашқы тәжірибесі екенін атап өтті.

«Кемшіліктердің бар екенін өзім де жақсы білемін. Кәсіби актерлердің қатарында ойнаудың өзі мен үшін өте қиын да қызықты болды. Сынды көтере аламын. Бірақ өтініш, менің жеке басыма қатысты жаман сөздер жазбаңыздаршы. Дөрекі, белі жоқ, даусы жуан, түрі қорқынышты деген сияқты. Жүрегім ауырып қалады. Менің жаратылысым сондай», – деп жазды ол  Instagram-да.

Сара Амангелді

Айта кетсек, Сара Амангелді Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік еткен отандық «Келінжан» телехикаясында басты рөл сомдады. Телехикая 14 қаңтардан бері көпшілік назарына ұсынылып келеді.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста