"Ел болам десең, эфиріңді түзе": Нұрболхан Шарап "Қалаулымның" жабылуын тағы да талап етті

"Ел болам десең, эфиріңді түзе": Нұрболхан Шарап "Қалаулымның" жабылуын тағы да талап етті

 

 

 

Танымал әзілкеш, жүргізуші Нұрболхан Шарап өзінің инстаграм парақшасында атышулы "Қалаулым" бағдарламасына қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі оқырманымды тойыма шақырамын: Нұрболхан Шәріпов үйленгелі жатқанын айтты

Ол өзінің парақшасында қазақ халқы үшін алаңдайтындығы жайлы және бұл "арсыздық алаңының" жабылуы үшін барын салатынын жеткізді.

 

Тікелей эфирде 3 сағат бойы халықтың назарын өзіне аудара білген бағдарлама халықты надандыққа итермелейді, деп санайды әзілкеш.

Нұрболханның шамына тиген жәйттің бірі, тіпті осындай төтенше жағдай кезінде де бағдарламаның жабылмай эфирде болуы.

"Бiрнеше айдан берi шырылдап жүрмiз. Ел, халық болып билiкке де наразылығымызды бiлдiрiп жатырмыз. Көрсе де, көрмегендей болып отыр билiк басындағылар. Сөз қалмады айтатын. Мiне, қазақ елі осындай! Браво!", - деп жазды ол.

Бұған дейін аталмыш бағдарламаны ел ағалары бірнеше мәрте жабуға тырысып баққан, алайда ешқандай арыз-шағымдар "Қалаулымның" эфирге шығуына тосқауыл бола алмады. 

"Атың өшкiр вирус келiп екi қаланы толық карантинге жапқан мемлекет, "Қалаулымды" жабуға қауқары жетпедi. Браво!", - деп налиды Нұрболхан.

Эфирде жаға жыртысып, бірнің бетін бері алып, қызы сыйқынан кетіп, ұлы намыстан безген бұл жобаның дәурені қашанға дейін жүреді деген сауал көптің көкейінде.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста