«Элиталы» той дегеніміз қандай той?

«Элиталы» той дегеніміз қандай той?

Жақында бір құрбымды көрдім. Қайдан дейсіз ғой, «барахолка» аталып кеткен әмбебап базардан. Ебіл-дебілі шығып тойдың заттарын алып жүр екен. Қырғыздың тауарлары сатылатын қатарда мата, кәдесый, тойбастарға қажетті ұсақ-түйектің бәрі бар ғой. Әлгі құрбым мені көре салып: «Қайын ағамның баласы үйленіп жатыр еді. Тойға дайындалып, шапқылап жүрген жайымыз. Айтпақшы, сенің небір асаба достарың бар еді ғой. Біздің тойға аз-маз ақысына асаба тауып берсеңші. Әншілер «элитный» тойларға ғана барады екен ғой. Біз сияқты қарапайым адамдардың тойына келетін әншілер бар ма?» деп әңгімені бастап жібергені. Бүгін «Алаш айнасы» осы элиталы тойларға қандай асабалар мен әншілер баратынын анықтауға тырсып көрді.

Тойдың не екенін басқа басқа қазақ халқы жақсы біледі. Ал бізге француз тілінен енген «элита» деген сөздің мағынасына үңіліп көрсек, бұл ең жақсы, іріктелген деген ұғымды білдіреді екен. Сондай-ақ элита сөзі бір замандарда таңдаулы адамдарға, ақсүйек, бекзадаларға қаратылып айтылса керек, яғни қоғамның белгілі бір бөлігін құрайтын топтың ең көрнекті, таңдаулы өкілдері деген мағына береді. Жалпы бұл сөзі тек ғылыми әдебиеттерде ғана емес, қазіргі таңда, саясатта, қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында, күнделікті өмірде жиі қолданылатын болды.
Халық тұрмысының ажырамас бөлігіне айналған тойлардың да элиталы түрлері болады екен. Элиталы той дегеніміз жоғарыда атап өткеніміздей белгілі бір таңдаулы топтың, іріктелген адамдардың тойы. Ал біздің елімізде көпшіліктің түсінігі бойынша элиталы топтарға жататындар – шенеуніктер, танымал тұлғалар, қалталы кәсіпкерлер, қысқасы жағдайы жақсы, қалтасы қомақтылар.
Бір дөкей баласының үйлену тойын немесе өзінің мерейтойын жасаса, өзіне ұнайтын әншілерді, әйелінің сүйікті әншілерін, баласының кумирлерін, әйтеуір не керек, аты есіне түскен әншілердің түгелін шақырады. Мұндай тойларды той дегеннен гөрі концерт десе болғандай. Әлбетте, байлардың тойына жиі шақырту алатын асабалар мен әншілердің «ставкалары» да жоғары. Екі-үш ән айтып, 3-7 мың долларды қалтасына басып кетеді олар. Бірақ әншілердің қай-қайсысын алсаңыз да, «пәлен теңгеге киім тіктіреміз, пәлен теңгеге ән жаздырып, аранжировкасын жасаймыз» деп қанша алса да азырқанып жатады. Бірақ әншінің бәрі әр тойға жеке ән жаздырып, өзгеше киім тіктіріп жатқанын сирек байқаймыз. Сәкеңнің тойында айтқан әнді Жәкеңнің тойында да орындайды, Жәкеңнің тойында киген киімін Әлекеңнің тойына да киеді дегендей... Жә, әншілерді қойшы, оларға салсақ, барлығы да элиталы тойға баруға кетәрі емес. Айтпақшы, элиталы тойларға тапсырыс көп болу үшін әншінің міндетті түрде бейнеклипі болуы керек екен және «ставкасы» 2000 доллардан кем болмауы тиіс.
Сонымен элиталы тойлар – ең қымбат деген зәулім сарайды жасалатын, асабаның ақысына саудаласып жатпайтын, дастарханы аста-төк, қол сүртетін майлығына дейін алтын жалатылған, той иелерінің киімдері шетелден алынған, той қонақтары ылғи игі жақсылар болатын, ақша суша төгілген той. Ондай тойларда әншілер кезекке тұрып, асабадан: «мен тағы бір тойға асығып тұр едім, мені тезірек жібере салшы» деп жалынып жүргені.
Тойға тапсырыс алған әншілер қалталының қаржысын аясын ба, өздерінің талаптарын да үйіп-төгіп қояды. Айталық Асхат Тарғынов, Қайрат Нұртас, Қарақат пен Қыдырәлі секілді сұранысы жоғары әншілердің жол ақысын, міндетті түрде той иесі көтереді және әншілерді джип секілді қымбат көлікпен тасу шарт. Айқын Төлепберген, Айгүл Иманбаева, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша өздерін қымбат қонақүйлердің люкс нөміріне орналастыруды талап етеді. Әсіресе басқа қалаларға барғанда әншілер тіпті жейтін тамақ, ішетін сусындарының түрлеріне дейін алдында дайын тұруын өтінетін көрінеді.
Ал енді элиталы тойларды жүргізетін асабалардың орташа гонорары 5000 доллардан кем емес. Қалталылардың тойын жүргізетін асабалар қатарында. Арман Дүйсен, Тұрсынбек Қабатов, Асылбек Боранбаев, Асқар Наймантаев, Рахман Омаров, Бекжан Тұрыс секілді өнерлі жігіттер. Естеріңізде болсын, мұндай асабалар әр мейрамханада, той залдарында «визиткалары» жататын 500 долларлық асабалар емес, есімдері ел танитын адамдар, сондықтан да олардың қаламақысы қомақты, кез келгеннің шамасы келе бермейді.
Қарапайым халық қарызданып, қауғаланып жасайтын тойларының жақсы өтуін қалайды ғой. «Пәленшенің тойын түгенше деген асаба жүргізіпті. Әлгі теледидардан көрсететін ше? «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деген әнді айтатын әнішінің өзі келіпті» деген әңгіме тарауы керек қой. Осындай бәсекеге қабілеттеліктерін арттыра түсу үшін пәтер жалдап тұратын туыстарымыздың өзі дүркіретіп той жасайды. Той өтуін өтеді-ау. Бірақ ешқандай қоры жоқ адамдар тойдан кейін біраз жыл қыстық киімін жаңарта алмай, түсіп қалған тісін сала алмай, баласының оқуын төлей алмай жүргені. Сөйтіп жүріп 2000-3000 доллар төлеп, әншіні тойға шақыру не теңім деймін-ау.

Базарда жолыққан құрбыма арзан асаба мен әншіні қайдан тауып берем деп басым қатты. Тойға шақырылған әншінің бәрі фонограммамен айтып, ауызын жыбырлатқаны үшін ақы сұрайтынын қалай түсіндіресің? Өйткені халықтың түсінігінде тойда әншінің фонограммасы ғана емес, өзі де болса, онда ол элиталы той. Негізінде әншіні шақырмай-ақ, сүйікті әншілерінің әнін қосып қойып билей берсе қайтеді екен?.. Көрпеңе қарай көсілген дұрыс қой, ә...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста