Ернар Айдар өзінің Қайрат Нұртастың деңгейіне әлі жетпегенін мойындады

Ернар Айдар өзінің Қайрат Нұртастың деңгейіне әлі жетпегенін мойындады

Танымал әнші Ернар Айдар«Жұлдыздар отбасы» журналы оқырмандарының сауалына беріп, өзінің Қайрат Нұртасқа мүлде еліктемейтінін айтты.

“Абай атамыз «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген, қазақ болған соң біз бір-бірімізге бауырмыз. Мен Қайрат Нұртасқа еліктемегенмін, еліктемеймін де. Мен де пендемін, мүмкін, қимылдарымнан бір сәйкестік көріп қалған боларсыздар. Қайрат Нұртас болып тойларда ән салып жүрген бір жігіт бар. Оған еліктейтіндер, ұқсайтындар тіптен көп. Неге соларды айтпайсыздар?! Мен сахнада амандассам, «Қайрат Нұртас сияқты сәлем берді» дейді. Сонда амандасу үшін артқа қарап еңкеюім керек пе?! Мен ақсарымын, ал Қайрат – қараторы жігіт. Қараторы мен ақсарыны әкеп теңестіріп, салыстырып жатады. Қайратпен салыстыратындай мен оның бағындырған белестеріне жеткен де жоқпын. Сондықтан мені онымен салыстырудың қажеті жоқ. Қайрат екеуміз өмірде доспыз. Осындай сұрақтарыңызбен сіздер бізді бір-бірімізге қарсы қоясыздар. Қайраттың да, менің де әндерімді тыңдайсыздар. Одан да екеумізге жанашыр болып жүрсеңіздерші”, – дейді Ернар Айдар.

Қайратпен салыстыратындай мен оның бағындырған белестеріне жеткен де жоқпын. Сондықтан мені онымен салыстырудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, ол өзін өзбек әндерін ұрлап алды деген қауесетті жоққа шығарды.

“Бұл шуды «Гәкку» телеарнасы көтерді. «Шайхана» деген әнді ұрлап алған жоқпыз, келісіп алдық. Соны «Гәкку» телеарнасы ешкімнен рұқсат сұрамай, «Ернар Айдар сотталады, DJ Мейрам сотқа береді» деп жіберіпті. Біз DJ Мейраммен кездестік, ол: «Мен ешкімге олай айтпадым. Әнді айта беріңдер», – деді. Әнді автордың өзінен сұрап алғанбыз. Бір әнге бола не үшін соттасуымыз керек?! Менің репертуарымдағы сегіз ән шетелдікі шығар. Ал қалған сексені – қазақ сазгерлерінің әндері. Неге соларды көрмейді де, арасынан өзбектің әнін көріп қалады?! Телеарнаның неліктен мұндай шу көтергенін білмеймін. Тіпті оларға ренжімеймін де. Ерте ме, кеш пе, кез келген адам өз ісіне жауап береді”,  – дейді әнші.

Біз өзімізді жарнамалау үшін емес, сұраныс болғандықтан және ұйымдастырушылар шақырған соң барамыз. Халық сағынып тұрса, біз концерт беруден неге бас тартуымыз керек?!

Соңғы кезде Қайрат Нұртас екеуінің тым жиі концерт беруінің себетін де әнші түсіндіріп өткен.

“Әрине, сын айтылды. Жеке концертіңді жиі беріп кетсең, «Неге жиі береді?» дейді, ал егер өткізбесең, «Неге концерт бермейді?» деп жатады. Біз өзімізді жарнамалау үшін емес, сұраныс болғандықтан және ұйымдастырушылар шақырған соң барамыз. Халық сағынып тұрса, біз концерт беруден неге бас тартуымыз керек?! Алыс ауылдағы тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жақсы ғой. Өнер адамы бір жерде тұрып қалмауы керек. Біз концерт беру арқылы тынбай жұмыс істеп келеміз”, – дейді ол.

Ернар көп концерт қою арқылы халықты жалықтырмайтынын да айтқан.

“Халық мені сағынбайды” дей алмаймын. Семейде бір айдың ішінде екі концерт бердім. «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» дейді. Сондықтан шақырған жерден мүмкіндігінше қалмаймын”, – дейді әнші.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста