ЮЛДУЗ УСМАНОВА ЖАЛАҢАЯҚ ЖҮГІРІП ЖҮРІП ӘН САЛДЫ... (Видео)

ЮЛДУЗ УСМАНОВА ЖАЛАҢАЯҚ ЖҮГІРІП ЖҮРІП ӘН САЛДЫ... (Видео)

Жұрт оның билетін «келе жатыр» дегеннен бастап текке талап алып кетпес еді, егер ол өтірік ауыз жыбырлатып, халықты алдайтын әртіссымақтардың қатарынан болса... Және де ол өзге елде осынша құрметке бөлену былай тұрсын, өзбек халқының Юлдузы деңгейінен аса алмас та еді... егер ӨКПЕСІНІҢ СОҢҒЫ ДЕМІНЕ ДЕЙІН САРҚА ЖҰМСАЙТЫН НАҒЫЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛМАСА!
Халықаралық әйелдер күнінің ертесі алматылық әйелдер қауымы үшін тағы бір мерекеге ұласты. Республика сарайында Өзбекстанның ғана емес, тұтас Орта Азияның жұлдызына айналған Юлдуз Усманованың концерті болды. Алдыңғы орындар он бес мың, ортаңғы қатарлар жеті мың теңгеге жетіп жығылса да залда ине шаншар орын қалмады. Концерт те уәде етілгендей, сағат тілі дәл 19.00-ді соққанда бастала жөнелді. 
«Әндетушілер көп, өте көп, бірақ солардың арасында халықтың тамырын тап басып, дүрс-дүрс соққан миллиондаған жүректердің лүпілін бір деммен шығара алатындары өте аз. Егерде мен сол сирек әншілердің біріне айнала алсам, ол менің даналығымнан емес. Рас, Алла бақ жұлдызымды жарқыратып жаққан шығар, содан болар дәл қазір менің сіздердің махаббаттарыңызға бөленіп тұрғаным. Дегенмен мен аспаннан салбырап түскен жоқпын... Мен де ет пен сүйектен жаратылған пендемін. Сондықтан мен де күлемін, қиналамын, жылаймын... Төрт құбыласы тең ешкім жоқ, менің де көп нәрсеге қарным ашады... Жалпы, шығармашылық адамы қашанда жартылай ашқұрсақ жүруі тиіс, себебі тойынып алған адам тоқмейілсіп кетеді. Ал тоқмейілсіген адамнан өнер де, бақ та қашады. Сондықтан менің бағым осыны түсінгенімде...  жүрегімнің сіздермен бірге соғатындығында... Жалпы, мен бақыттымын. Себебі сіздер – біртұтас бұқара болсаңыздар мен – сіздердің бөлінбес бір бөлшектеріңізбін» деді ол концертінің бірінші бөлігін қорытар тұсында.
Сөйтті де, сол деммен бірінен соң бірін үзбей үш-төрт әнді тағы айтып шықты. Әсіресе, оның «Ұзақтан» атты әні бәрімізді қалың ойға шомдырды. Ән – әр адам өмірінің соңғы сәті, «еңкейіп барып батар «күні» жайлы еді. «Дүниеге бәріміз бірдей шыр етіп жылап келеміз, бірақ әркім, әр кезде, әрқалай кетеді. Ешкім өзінің соңғы демі қашан үзілетінін білмейді. Сондықтан қашан болсын, біз сол шаққа дайын жүруіміз шарт. Себебі шыбын жанның кеудеден әдемі шыққанына не жетсін?!» - дегенде, қарсы алдымызда жай әнші Юлдуз емес, бейне дана Абыз тұрғандай болды. Халықты мұңға батырып тұрып, бір-ақ сәтте сол мұңна суырырып алып шығып қана қоймай, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін билете жөнелу тек әртістің әртісінің ғана қолынан келері хақ.  Юлдуз сөйтті. Бірер минут бұрын ғана өлім сәті жайлы айтып, ел-жұртты сілтідей тындырған ол келесі ойнақы әнінде залға секіріп түсті де, құшақ-құшақ гүлдерін беруге қарсы ұмтылған қалың көрерменнің қақ ортасын кесіп олай бір, бұлай бір жүгірді дерсіз. Және де ақ жаулықты аналардың қасынан зу етіп өте шықпай, аялдап, кейбірін өзі құшақтап, суретке түсіп, әнін де үзген жоқ. Ал ол үшін әншіге қандай дем керек, өзіңіз бағамдай беріңіз. Әсіресе елуді еңсеріп, алпысты алқымдаған әнші... Сөзіміздің басында айтқандай, Юлдуз Усманова бір де бір әнді фонограммамен орындаған жоқ. Бәрін тірідей салды. Ал ол әншінің демінен білінді. Сонысымен де оның әр әні бос кеңістікті кезіп кетпей, жүрекке тікелей жетіп жатты.
Кезек Ана туралы әнге де келді. Бұл әнді солқылдап тұрып салған әнші бізді де ағыл-тегіл жылатты. Өздері бір Анадан сегіз ағайынды туса керек. «Иә, біз бүгінгінің балалары секілді ұялы телефон ұстап, «Hermes»-тің сөмкесін ұстамаған шығармыз, бірақ бізді Анамыз бір әтске де тастап кеткен жоқ. Ал бүгінгі балаларда бәрі бар, бірақ өкінішке орай, оалрдың көбі өз анасының махаббатына зәру. Байғұс бүгінгінің балаларын күтушілер өсіруде. Ал қанша жерден алтын жалатса да, күтуші баланың өз Анасына жетпейді, тіпті тырнағына да татымайды. Сол себепті де мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі анамыз біздің сегізімізді өмірге әкеліп те, ақ сүтін беріп те, жұмысын істеп те үлгерді. Сөйткен өзімнің жан анамды және де осында отырған баршаңыздың әзиз Аналарыңызды мерекесімен құттықтап, амандық тілеймін» деп ұзағынан толғантты ол бізді.   
Үні ерекше екенін білсем де, шынын айту керек, мен үшін бұрын Юлдуз Усманова Өзбекстанның Халық әртісі болатын. Елімізге жиі келетін осы әншіге «тағы да ақша оруға келді ме?» деп ашу ызам келетінін де жасырмайын... Сөйтсем... мен оның жеке концертін көрмеген екенмін, оның жүректен шыққан әнін ғана емес, дәл сондай әңгімесін де өз аузынан тыңдамаған екенмін. Әрине, сондықтан мен оның биік өкшелі туфлиін лақтырып жіберіп, жалаңаяқ секіріп билегенін, тіпті өзін сүйемелдеген музыканттарына дейін билетіп жібергенін көрмеген екенмін. Қалай көрдім, мен өзімнің бұрынғы келте ойларым үшін ұялдым. Себебі мен Юлдуздың кешінде бір сезімнен екінші сезімге батып отырдым. Ең соңында шыны керек, ол халықпен күліп қоштасты, неге екенін білмеймін, мен солқылдап жылап қайттым. Себебім – оның күлімдеген жанарының арғы жағында жасырынып жатқан мұңды көріп қалдым. «Менің жарым Мәскеуге кетті», «Өзбекстан, біз сені ешкімге бермейміз» деп салған әнін естігенде, екі қолға бір жұмыс іздеп әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашырап кеткен еңбекқор өзбек халқы келді көз алдыма...

М.Жагорқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста