«Kesh You» тобында өнер көрсететін жаңа есімдер белгілі болғандай

«Kesh You» тобында өнер көрсететін жаңа есімдер белгілі болғандай

«Kesh You» тобында келесі айдан бастап өнер көрсететін жаңа есімдер белгілі болғандай. Осыдан бірнеше уақыт бұрын «Kesh You» тобынан Айдананың кететіні туралы жазған болатынбыз. Бұл жөнінде топ продюсері Баян Есентаева арнайы сайтымызға берген эксклюзивті сұхбатында топтың құрамы өзгеретіні және Айдананың топтан кететіндігін мәлімдеген болатын.

«Герлз бенд деген сондай, құрамы үнемі өзгеріп отырады. Біреу күйеуге шығады, біреу жүкті болады, бірі жұлдыз ауруына шалдығады, екіншісі махаббаттан басы айналып қалады. Қыздар коллективін ұзақ ұстап тұру оңай емес, алайда «Kesh You» бүгін пайда болып ертең жоқ боп кететін топ емес екендігін қанша жылдан бері дәлелдеп келеді. Бірақ құрам өзгереді. Мен сіздерге мұны сенімді түрде мәлімдеймін! Айдана тұрмысқа шыққалы жатыр, сүйіктісі барын бәрі біледі. Тойдың қашан болатыны әзірге белгісіз, Айдананың «Kesh You» тобыменмен келісімшарты ақпан айында бітеді. Одан соң ары қарай көре жатармыз, тойдың күні де сол уақытқа белгілі болып қалар. Бірақ 99 пайыз сенімді түрде айта аламын «
Kesh You» дің құрамын өзгертеміз»,-деп айтқан болатын.

Кеше Баян Есентаева өзінің Instagram- дағы парақшасында екі әнші арудың фотосуреттерін комментарийсіз жариялады. Тіпті қыздардың аты-жөні де белгіленген жоқ. Біз осы орайда қыздармен жақынырақ танысу мақсатында әлеуметтік желілердегі парақшаларын іздестіріп көрдік. Балжан және Ақбота — ғаламтордағы көпшілік бұл екі аруды «Kesh You» тобының жаңа құрамында өнер көрсетуі мүмкін деп отыр.

Егер Айдана Меденова продюсермен келісім шарты аяқталатын болса,демек Кәмшат Жолдыбаеваның да топтағы тағдыры біз үшін белгісіз. Мәселенің мән-жайы осы айдың аяғында анық болады.

Осылайша он жыл ішінде топтың құрамы 7-рет өзгермек. Топтың құрамында осы уақытқа дейін Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Маржан Мендыбаева, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова сынды арулар өнер көрсеткен.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста