Отандық танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім балабақшадағы суретін жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік шоу-бизнес серісінің кішкентай кезіндегі фотосын қызу талқылап, оған деген жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Тәуекел Мүсілім бала күнгі суретімен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.
"Бала Тәуекел, балабақша кезі. Бұл топтан тек Нұрғожа және Алиямен ғана араласамыз. Қалғандары қайда екен? Біреуді таныған болсаңыздар, белгілеп қойыңыздар" , - деп бала кезіндегі достарын іздеді актер.
Желідегілер өнер иесінің кішкентай кезіндегі суретіне қатысты түрлі пікір қалдырып жатты. Олардың басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі түріне сүйсінген.
"Қандай тәттісің", "Сол кезде де палуан болыпсыз ғой", "Тойға шақыратын адамдарды іздестіріп жатырсыз ба?" , "Тәп-тәтті балапан" , "Неткен сүйкімді абалқай" , "Осы тәтті бүлдіршіннен сері жігіт шыға келді" , "Өзгермеген сияқтысыз, бірден танып қойдым" , "Көздеріңнен сенің" , "Әдемі естелік фото" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім жары екеуі әлі балалы болуға асығар емес екенін айтқан болатын.