Мейрамбектің ізбасары «Бозторғайды» шырқап жүр

Мейрамбектің ізбасары «Бозторғайды» шырқап жүр

Мына бір кішкентай сүйкімді балақайдың есімі Нұрмұхаммед Жақып. Бұл бала алғашында «Инстаграм» арқылы әлеуметтік желі қолданушыларының арасында танымалдыққа ие болған еді. Бүгінде өнерлі балапан өзінің ерекше дауысының, сүйкімді келбетінің арқасында жұртшылыққа кеңінен танылып үлгерді. Нұрмұхаммедтің түр-келбеті де, дауысы да белгілі әнші Мейрамбек Беспаевқа ұқсайды. Сондықтан Мейрамбек пен Нұрмұхамммедтің өнеріне тәнтті өнерсүйер қауым балақайды «екінші Мейрамбек» деп атап кеткен. «Алаш айнасы» Нұрмұхамммедтің орындауындағы әндер мен ерекше суреттерін көпшілік назарына ұсынып отыр.
Нұрмұхаммед Жақыптың жасы 8-де, ол Ақтау қаласында тұрады. Өнерлі баланың әкесі Ибрагим Жақып баласының әндерін, суреттерін, отбасылық суреттерін үнемі әлеуметтік желіде бөсісіп отырады. Кәсіби әншілер алғаш Нұрмұхаммедтің әндерін тыңдағанда оны «нағыз бомбаға» теңепті. Өзінің кеің тынысты, тұнық даусымен көпшілікті елең еткізген сүйкімді бала фотоссесияда, тойларда, сахнада, бейнероликтерде өзін үлкен жігіт секілді ұстайды.
Нұрмұхаммедтің сүйікті әншісі, әрине, Мейрамбек Бесаев. Белгілі әнші өзінің кішкентай фанатына, оның өнеріне құрметпен қарайтынын айтқан.
Бүгінде Нұрмұхаммед Мейрамбекті кішкене кезінде дүйім халыққа танытқан «Бозторғай» әнін орындап жүр. Дарынды баланың арманы Мейрамбек Беспаевтың жеке концертіне қатысу екен.
Кішкентай «Жұлдыз» Мейрамбек Беспаевтан басқа Қайрат Нұртастың, Төреғали Төрәлінің репертуарындағы әндерді орындайды. Балақайдың айтуынша, кез келген әнді орындау оған қиынға соқпайтын көрінеді. Дегенмен өнер иелері, оның ішінде әнші Абай Бегей Нұрмұхаммедке үлкен қолдау білдіру қажет екенін, 13-16 жас аралығында оның даусын сақтап қалу керектігін алға тартты.
Иә, талант қанмен берілетін қасеит. Дегенмен бойында Алланың берген дарыны бар балаларды шырғанын сөндіріп алмай, жаға білу де екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Кезінде Алтынбек Қоразбаев секілді көреген ұстаздар елді, жерді аралап, ауылдардан кішкентай дарынды балаларды тауып, олардың жұлдызын жақты. Ал қазіргі ақпараттың қарқынды дамыған шағында балалардың дарынын көпшілікке таныстыру аса қиындық тудырмайды. Тек балалардан «жұлдыз» жасаймыз деп асыра сілтеп, олардың балалығын жоғалтып алмасақ болғаны.
Кішкентай Нұрмұхаммедтің өнері өрлей берсін! Тіл-көзден аман болсын деп тілейміз!!!


Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста