"Қапқарашка" 19 жастағы тыңдарманына үйленеді

"Қапқарашка" 19 жастағы тыңдарманына үйленеді

"Қапқарашка" атымен таныс қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев үйленетін болды. Әнші өз сүйіктісін қалай тапқаны жайлы КТК телеарнасының "Той бест стар" ток-шоуында айтты, - деп хабарлайды "Экспресс-К".

Керменбаевтың айтуынша, оның болашақ жары қазақтың салт-дәстүрін біліп өскен қыз. Ол қалыңдығын Тараз қаласында өткен концертінде кездестіріп қалған, қыз әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдарманы болып шықты. Бұдан кейін бойжеткен "Қапқарашкамен" кездесіп, оның туған күніне сыйлық жасаған. Әнші Instagram желісіндегі өз суреттерін бұл қыздың белсенді түрде талқылайтынын байқап қалған.

Керменбаев болашақ жарын Алматы қаласына шақырып, анасымен таныстырды. Қалыңдық Нұржаннан алты жас кіші, бар болғаны 19 жаста. Жастардың тойы көктемге жоспарланды.

Нұржан Керменбаев 1989 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысының Жезді ауылында туған. 2006 жылы ол Superstar.kz-3 телевизиялық шоуына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдаған. Сол жылы әнші Қазақстанды Юрмаладағы "Новая волна" атты жас орындаушылардың халықаралық байқауында таныстырып, 14-орын алды.

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста