«Қазақстан дауысына» Қытайдағы қазақ қызы қатысуда (ФОТО, ВИДЕО)

«Қазақстан дауысына» Қытайдағы қазақ қызы қатысуда (ФОТО, ВИДЕО)

Қытайда тұратын әнші Жәннат Әділханқызы «Қазақстан дауысы» жобасында бақ сынауда. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен әнші қыздың алдағы жекпе-жектерге дайындығын телефон арқылы сұрап білдік.  

«Қазақстан дауысына» қатысуды арғы бетте жүріп аңсаған Жәннаттың армандары орындалып келеді. «Қазақстан дауысы» II маусымы жеңімпаздарының Қытайда өнер сапарында болуы әнші қыздың осы дүбірлі додада өнер көрсетуіне мүмкіндік туғызған көрінеді. Атажұртқа табаны тұңғыш тиген қандасымыз қазіргі кезде Қазақ еліндегі екі бірдей жобаға дайындалып жатқанын жеткізді.
«Бұл жолы Ұлттық арнаның «Қазақстан дауысы» мен Qamshy.kz порталының «Қазақ дауысы» жобаларына бірдей қатысып жатырмын. «Қазақстан дауысында» екінші кезеңге жолдама алсам, «Қазақ дауысында» алдыңғы 25 әншінің қатарына ендім»,-дейді Жәннат Әділханқызы.

 

21 жастағы жас әншінің үлкен сахнаға шығуы өткен жылы Үрімжідегі «Шыңжаң» телеарнасының ұйымдастырған «Күміс көмей» ән байқауынан бастау алған екен. Байқауда 90 сайыскердің арасынан финалға дейін жетіп, 10 үздік әншінің қатарынан көрінген Жәннат іле-шала Қытай Орталық телеарнасының (CCTV) Бейжіңде өткізген «Шарықтасын әніміз» атты байқауда да топ жарыпты. Миллиардтар елінде қазақтың өнерін танытып жүрген әнші қыз күні кеше Шанши телеарнасының өткізген үлкен сайысына қатыса жүріп «Қазақстан дауысына» қатысуға жолы түскенін айтады.

«Өнердегі үлкен жолымды ашқан «Күміс көмей» ән байқауынан соң Қытайдағы 7 ұлттың әншілері қатысқан жобада да бағымды сынадым. Онда да 70 әншінің ішінен финалға дейін жетіп, «Ән патшасы» атағына ие болдым. Осыған ұқсас Шанши телеарнасының «Ән Хуанхыдан басталады» атты байқауына қатысып, 2-орынды иелендім. 200-дей өнерпаз бәсекеге түскен ірі жоба жақында ғана аяқталды. Енді атажұртта өтіп жатқан жоғарыдағы екі сайысқа дайындалудамын»,-дейді ол.

Кішкентайынан әнге әуес, күйге құмар болып өскен Жәннат өзіндегі талантты нағашы жұртынан дарыған деп есептейді. «Ата-анам қарапайым ауыл адамдары. Ал, нағашыларымнан әнші, күйшілер көптеп шыққан. Содан да болар бала жасымнан әнші болуды армандадым. Жоғарғы оқу орнында дәстүрлі әнші мамандығын бітірдім. Қазір де осы сала бойынша Күйтің филармониясында жұмыс жасаймын»,-дейді Ж.Әділханқызы.
Қазақ өнерін жалғастырып қана қоймай, оны әлемге танытуды мақсат тұтқан әнші қыздың алдағы сапарына біз де сәттілік тіледік.
Айта кетейік, қазіргі кезде «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Қазақстан дауысы» жобасының 3 маусымы басталды. Өткен жексенбіде іріктеу кезеңін өткізген жоба, алдағы аптада «Шайқас» кезеңіне өтетін болады.

Майгүл СҰЛТАН, BAQ.kz
Видео «Қазақстан» ұлттық телеарнасының сайтынан алынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста