Қазақстандық жұлдыздар отандастарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қазақстандық жұлдыздар отандастарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін айтты. Өткен жылдың қандай естеліктерімен есте қалғанын айтып, есеп берді.

“Күн мен түн, ақ пен қара, қуаныш пен қайғыдан тұратын өмірден ҚАЗАҚ халқы биыл да қалыс қалған жоқ. Жетістіктерге де жеттік, жауhарларымызды да жоғалттық. Біз қаласақ та, қарсы болсақ та, әлем 2019 жылдың жаңа күнтізбе беттерін парақтайды. Көп ұлтты, зайырлы қоғамда өмір сүргіп жүрген соң, “Бұл мұсылманның, қазақтың мерекесі емес…” деп, атой салып “аттандамай-ақ”, алтын діңгекті ұстанып даналық танытқан дархан пейіліңнен айналдым, қазағым. Құдай келер жылы күткен, күтпеген кереметтерге кенелтсін. Елімізаман, тыныш заман болып, Алла тағала бар жақсылық атаулыны бұйыртсын. Құшақтадым!”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Қазақстан халқын сүйікті әншісі Димаш та мерекемен құттықтады.

“2019 жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл көптеген жақсылық алып келсін! Көптеген сыңғыр күлкімен қарсы алсын! Әр бір секунд сайын бақыт, Әр бір күн сайын бақыт, әр жыл сайын бақытты болындар. Денсаулықтарын мықты болсын!”, – деп жазды Димаш желіде.

Алтынай Жорабаева 2018 жылдың маңызды жыл болғанын, маңызды дүниелер атқарғанын айтты.

“Қылыштың екі қыры болатыны секілді, бүгінгі күннің де жақсы жағы мен жаманы бар.
Жаманы онсыз да белгілі ғой, шарап ішіп шатасқан қанша тағдыр, масайып тілек тілер туыстар, абайсыз отқа күйіп, өзегін өкініш кернеген тағдырлар. Осы күні садақаға қиылмаған сансыз ақша отқа оранып аспанға атылады. Әлемдердің Раббысы ұлы Аллаға сансыз шүкір, өткен жыл көптен күткен армандарымның орындалып, еңбегім жемісін берген жыл болды. Шығармашылығымда да жеке өмірімде де жағымды жаңалықтарға толы жыл болды. Үйлі болдым, екі бизнесімді бастадым. Бастысы басымыз аман, бауырымыз бүтін! Келер жылға жоспар көп, мақсат айқын! Әр қазағымның несібесін Алла Тағала еселеп берсін. Шаңырақтарыңыздан шаттық, бастарыңыздан бақ кетпесін! Дегенмен, бұл күн күнтізбеде жыл жаңаратын күн. Бір сәтке болсын аялдап, осы жылы не бітірдім деп өзіңе есеп беретін кез”, – дейді ол.

Роза Әлқожа елдің амандығын, тыныштығын тілеп, ізгі тілегін жеткізді.

“Отандастар, қандастар, қазақ елі! Алланың сүргізген әр күніне, әр жылына шүкір. Еліміз аман, ұрпағымыз саналы, өзімізді абыройлы етсін Алла! Беделіміз биік, мәртебеміз жоғары, несібеміз ұлық болсын! Ұлы жаратушының мейіріміне бөлене беруге жазсын біздің елді!, – деп жазды Әлқожа.

“Отбасыларыңызда жақсылықтар көп болсын! Жаңа-жыл әрбір жанұяға берекесімен кірсін!”, – дейді Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста