Қазақтың тойы порнография алаңы емес....

Қазақтың тойы порнография алаңы емес....

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары тойдағы порнографияны көріп алып қызу талқылауда. Той өтіп жатқан мейрамхананың ортасында тырдай жалаңаш қыздың бір жігітпен билеген биін камераға түсіріп алып, ғаламторға жариялапты бәз-біреулер. Әлгі бірнеше минуттық видеоны аяғына дейін көру мүмкін емес. Дәл осы көрініс қазақтың тойында болса, онда бұл масқараның көкесі. Ал егер біреудің қолдан әдейі жасалған дүниесі болса ше?

Кемінде 100 адамға той жасайтын қазақтың тойы болса, мұндай сұмдыққа жол берілмес еді деп ойлаймыз. Өйткені үлкені мен кішісі, тайлы-таяғы қалмай тойға жиналатын қазақ отбасылары, тойдың иелері өз қуаныштарында жалаңаш қызды төрлерінде тайраңдатып қоймайтыны анық. Ал видеоға қарап отырсаңыз, өзін стриптиз-клубта билеп жүргендей сезінетін әлгі қыздың жанынан адамдар ерсілі-қарсылы өтіп жатады, бірақ қабақ шытқан ешқайсысы жоқ. Осының өзі бұл видеоның шынайы екеніне күмән тудырады. Егер бұл біреулердің әдейі жасалған дүниесі болса, онда олардың мақсаты қазақтың тойын масқаралау болғаны ғой.
Біз қит етсе, қазақтың тойларын сынап-мінеуге дайын тұрамыз. Әнші-бишілеріміздің тойға барып нәпақа табатындарын айтамыз, орынсыз шашылатын дарақылығымызды айтамыз, әйтеуір анау дейміз, мынау дейміз, бірақ бәріміз қазақтың тойы да мәдениеттің ортасы екенін мойындаймыз. Өйткені нағыз қазақтардың тойында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғының бәрі сақталады. Қыздың сыңсуы, беташар, жар-жар, тұсау кесу, тойбастар, т.б – осының бәрі біздің ұлттық құндылығымыз емей немене? Иә, біз жиған-тергенімізді тойға шашатын халықпыз, бірақ тойда болсын, үйде де, түзде де қыздарымыздың абыройын шашуға жол бермеген ел емес пе едік?..
Қымбатты ағайын, қазақтың тойын масқаралауды мақсат еткендердің арандатуына жол бермейік. Дүркіретіп той жасап, қуанышын бөлісуге даяр тұратын қазақтың тойын лағнеттегендерді ақ дастарханның киесі атпай ма?
Қуанышымыз еселеніп, тойларымыз көп болсын! Өз тойларымыздың сәніне айналған «Ақ маржан», «Қызыл өрік», «Қара жорға» билерін билегенге не жетсін? Арсыз бидің жанында «Мария магдалена» да айналайын екен-ау!!!

«Мария магдалена»

Қық ұзату тойы

«Қара жорға»

Айнұр Нұрсабет
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста