Қуандық Рахым Бекболат Тілеухан сияқты көп әйел алғысы келетінін айтты

Қуандық Рахым Бекболат Тілеухан сияқты көп әйел алғысы келетінін айтты

Қуандық Рахым бала кезінен Бекболат Тілеуханға еліктегенін айтады. Ол, тіпті бір кездері ағасына қатты еліктеп, сөйлеу мәнеріне дейін “көшіріп алғанын” жасырмайды. Ал бүгінде Қуандық Бекболат Тілеухан сияқты бірнеше әйел алып, көпбалалы әке болуды армандап жүр.

Қуандық Рахым

Бұл туралы Stan.kz Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен Бекболат ағама қатты еліктегем. Тіпті, бір концерттерде өнердегі әпкелеріміз, ағаларымыз: – Сен таза Бекболатты көшіріп алыпсың ғой, өз-өзіңмен болсай, өзің сөйле, – деген сияқты айтты. Содан кейін ғана шынымен біреудің көшірмесі болуды қою керек деп өзімізің сөйлеу мәнерімізді таба бастадық”, – дейді Қуандық.

Әнші бүгінде Бекболат Тілеуханның өнерін ғана емес, өмірін де үлгі тұтады екен. Тіпті, болашақта ағасы ұқсап бірнеше әйел алуға кетәрі емес.

“Егер жағдайың жетіп, мүмкіндігің болса, неге алмасқа? Мысалы, Бекболат Тілеухан ағамыз қазір 14 балам бар деді. Артық сөздің де қажеті жоқ шығар?! Өйткені, 14 балам болса, менен асқан бақытты әке болмайтын шығар деп ойлаймын. Сол кісі сияқты 40-50 жасқа келгенде жастарға үлгі болып жүргім келеді. Депутаттық жағын айта алмаймын. Бірақ сол кісідей құрметті, жастар үлгі алатындай азамат болғым келеді”, – дейді Қуандық.

Әнші бұдан бұрынырақ берген сұхбатында ер жігітке асықпай үйленуге болатынын айтқан еді. Алайда уақыт өте келе Қуандық бұл ойын өзгерткен. Себебі:

“25 жасқа дейін ғашықтықпен көп кемшіліктерін байқамайды екенсің. Ал 25-тен кейін кішкентай бір кемшілігіне бола ұнатпай қалуың мүмкін. Сондықтан қазіргі ойым, 25-ке дейін үйленіп кеткен дұрыс екен”, – дейді ол.

Бұл орайда Рахым жар таңдауға келгенде қыздың ішкі жан дүниесіне де, сыртқы келбетіне де қарайтынын жасырмады.

“Сырт келбет маңызды емес деп мен де айта алмаймын. Өйткені ол өмір бойы жаныңда жүретін адам. Шай ішсең де, далаға шықсаң да, бір жаққа барсаң да, сүйсініп қарап отырғың келеді, көрген сайын ғашық болғың келеді. Бірақ ең басты нәрсе ол емес деп айта аламын. Өйткені айналамыздан көріп жүрміз, әйелі қаншалықты сұлу, “Қазақстан аруы” болатын қыздар. Бірақ өкінішке қарай, 1-2 жылдан кейін ажырасып кетіп жатады. Барып сұрасаң, бірден ақылын айта бастайды. – Қуандық, сұлулыққа мүлде мән бермеші, деп айтады. Соларға қарап ойланып қаласың. Абай атамыздың өзі: – Көркіне қарап емес, мінезіне қарап ойланып ал, – деген”, – дейді Қуандық.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста