Сәкен Майғазиев: Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршекте нан сатқанбыз

Сәкен Майғазиев: Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршекте нан сатқанбыз

Шоу-бизнес жұлдыздарының аста-төк өміріне ел қызығып қарайды. Алайда сахнада жүрген өнерпаздар бұл күнге бірден келе қойған жоқ. Араларында бір кездері арба итеріп, қара жұмыстың түр-түрін істегендері де баршылық. Мәселен, Сәкен Майғазиев алғаш отбасын құрған жылдары жұбайымен бірге нан сатқанын айтады. 

Сәкен Майғазиев: Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршекте нан сатқанбыз

Бұл туралы 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Үйленген жылдары жұбайым екеуміз дүңгіршектерде нан саттық, сондай кездер болды. Оған ешқандай қысылмаймын. Бізде "ой ақшаң жоқ қой" деген әңгіме жалқаулардың әңгімесі. Арланбайтын себебім, ауылдан шыққан азаматтар, білім қуып та, нан сатып та, басқа да қара жұмыстар істеп, көтеріліп жатыр. Қаншама біздің өнерде жүрген бауырларымыз бар", - дейді Майғазиев.

Иә, Сәкеннің айтуынша, маңдай теріңмен тапқан нанның еш ұяттығы жоқ. Ол үшін, тіпті базарда арба айдасаң да, ұялмауың керек. 

"Базарда арба итеріп, ақша табудан арланудың қажеті жоқ. Абай атамыз айтады ғой, "есектің тұяғын жуып мал тап" деп", - дейді Сәкен.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста