Шапалаққа зәру асабалар...

Шапалаққа зәру асабалар...

Халықтың қазынасына баланатын қазақ тойының билігі бүгінде асабалардың қолында. Қуанышқа жайылған дастарханға жиылған жұртты аузына қаратып, олардың ризашылығын алатын да, аузына келгенін айтып, анайы әзілдерімен тойшы қауымның берекесін алатын да – асаба. Бүгінде асабалардың тойда айтып жүрген әзілдерін екінің бірі біледі. Өйткені қай тойға барсаң да асаба басқа болғанымен, тойда айталытан әзіл – біреу. Үйлену тойында да, сүндет тойда да, қоныс тойда да асабалар бірінің аузына бір түкіріп қойғандай жаттанды әзілдерін айтудан жалығар емес. Одан қалса, «мен деген асабалардың» әзілдері бүкіл ғаламторда өріп жүр. «Алаш айнасы» ғаламтордағы асабалардың «кезекші» әзілдерін шолып шыққан еді.
Асабалықты біреулер аса дарындылықты қажетсінетін өнер десе, енді біреулер арзан, жеңіл кәсіп деп санайды. «Ұялмаған әртіс болады» демекші, қазір тойға барсақ, әртіс те, ақын да, журналист те, актер де асаба екенін көріп жүрміз. Естеріңізде болса, жақында «Алаш айнасында» «жұлдыз» асабалардың рейтингісін жариялаған болатынбыз. Осыдан кейін бізге оқырмандардан асабалар туралы түрлі пікірлер келіп түсті. Әр оқырманның пікірі біз үшін маңызды. Болашақта сіздердің көмектеріңізбен республика бойынша ең үздік асабалардың рейтингісін жасауды жоспарлап отырмыз. Ал әзірге біз сіздермен асабалардың мәдениетін, этикасын көрсететін бейнероликтерді тамашалап, жауыр болған әзілдерді анықтап көрейік.
Ғаламторға салынған түрлі тойлардың бейнежазбаларын көріп отырып, белгілі сатира актерлерінің бір әзілді сахна қалай, тойда қалай пайдаланатынын көрдік. Халық арасында кең таралған анекдоттарды өткізуге тырысатын асабалар да жетеді. Тойға жиналған жұртты ойын ойнатып, билетуге келгенде алдына жан салмайтын асабалардың арасында бетіңнен отыңды шығарып ұялтатындары да бар. Ең қызығы, қай асабаны алсаңыз да, жұрттан шапалақ сұраудан жалықпайды. Әйтеуір не керек, асабаның түр-түрі бар. А сіз қандай асабаларды білесіз?

Нұржан Төлендиев «Алдараспан» 2013. Әйелдердің сауабы

Нұржан Төлендиев – асаба. Тойда...Әйелдердің сауабы

Тұрсынбек Қабатов. Тойда әзіл айтпаса да жұрт күледі...

Қанат Әлжаппар. Тойды ұрсып тұрып өткізеді...

Ринат Зайытов беташарды қатырады

Бауыржан Тұрабаева Анекдотшы асаба

Хамит асаба. Ойнатам деп ұялтады...

Абай Аязбаев. Ауыздыға сөз бермейді....

Оқырман пікірлерінен:
Жанар: – 1000 доллар болса да, 5000 доллар болса да аз ақша емес қой. Асабалардың көп болғаны жақсы. Бірақ мұрынын шүйіріп осынша ақша сұрағанына сай жүргізсе дейсің... Сауатсыздығы мен арзан әзілдері басым. Ақшаның соңына түсіп 7 күнде 7 тойды бір сценариймен жүргізгенше, жан-жақты ізденіп әдемі әзілдермен жаңаша жүргізсе асабаның қадірі арта түсер еді. Біреу сол ақшаны жылдар бойы жинап, біреу кредитке алуы да мүмкін ғой. Асабалардың ақысын реттеу керек. Олардың өзіне салсаң күн сайын бағасын асыра береді. Үкімет қайда қарап отыр дейсің осындайда. Асабалық да жезөкшелік сияқты жүгенсіз кетіп барады. Салық бәріне ортақ болуы тиіс, қандай жолмен ақша тапса да.

Нұржан: – Ринат жақсы ақын, бірақ жақсы асаба емес, Нұржан мықты актер, бірақ мықты асаба емес. Ал Тұрсынбектің әзілдері сахнадан гөрі тойға жақсы келеді. «Жұлдыз асабаларды» асқақтатып жіберген қалталылар. Меніңше, танымал емес қарапайым асабаларды тойға шақырған дұрыс. Ал әнші, актерлерді теледидардан-ақ көріп жүрміз. Асабалардың әзілдері бірдей болсын-ақ, бірақ жөнімен қолдана білмейді, жұртты күлдіремін деп артық кетіп қалады. Тойға келген адамдардың бірінің толықтығын, бірінің арықтығын, бірінің киімін, бірінің биін келеке етіп, ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста