Сахнаның емес, тойдың «жұлдызы» болу маңыздырақ...

Сахнаның емес, тойдың «жұлдызы» болу маңыздырақ...

Қазақтың «жиған-тергенім тойға шашылсын» деген ақ тілеуі бүгінде әнші-бишілерге тиімді болып тұр. Көп әншілер қазір «халықтың шығынданып той жасағаны бізге жақсы, ал біздің ән айтқанымыз тойшы қауымға жақсы» дейді. Сахнадан гөрі тойда жиі төбе көрсететін әншілер үшін бүгінде концерт сарайлары мен мейрамханаларда өнер көрсетудің аса айырмашылығы болмай қалғандай. Осы орайда «Алаш айнасы» сахна мен тойдың аражігі туралы әншілердің өз пікірлерін білген еді.

Қай әншіден сұрасаңыз да, тойдың ең алдымен табыс көзі екенін айтады, тойға ақша үшін емес, хоббиі болғандықтан баратындарды әлі кездестірмеппіз. Айталық белгілі әнші Маржан Арапбаеваның айтуынша, әншінің тыңдармандарының бәрі тойда. «Маржан, сенің әніңді жақсы көретін болғандықтан тойымызға арнайы шақырып отырмыз. Келуіңді өтінеміз дегеннен кейін тойға баруға тура келеді. Өйткені халық өз қалауымен тойға шақырып жатса, неге бармасқа?», – дейді әнші.

Айгүл Иманбаева, әнші: – Мен үшін сахна мен тойдың айырмашылығы жер мен көктей. Сахна – әнші үшін үлкен жауапкершілік. Шын өнер иесі киелі сахнаның қадірін түсінеді. Әркез сахнаға шығарда бірінші рет шығардағыдай толқу, қобалжу болады. Той – да мәдениет ортасы. Қазақтың тойларында халқымызға тән небір әдемі салт-дәстүр көрініс табады, ата-бабаларымыз тойдың көрігін қыздыру үшін әнші-бишілерді тойларына арнайы шақыртып отырған ғой. Қазіргі кезде де шамасы келген жұрт тойына сүйікті әншілерін шақырады. Меніңше мұнда тұрған ешқандай әбестік жоқ.

Қажымұрат Шешенқұл, әнші – Тойдың көп болғаны жақсы, әрине. Әншілер қауымы тойға да барып, концертін де беріп үлгереді. Халық өзі қалап шақырған соң, алғысын шын ниетімен білдіріп, қаламақыңды төлеп тұрса, тойға неге бармасқа? Тойға барған әнші сахнада ән салуды ұмытып қалмайды. Құрметпен шақырылған тойға барған дұрыс. Егер әншілерде тойдан басқа табыс көзі болса, кейбіреуі бәлкім тойға жиі шықпас па еді. Бірақ, қазіргі заман талабының өзі осылай болып тұр. Сондықтан бүгінде шоу-бизнес пен той бизнесті бір-бірінен бөліп қараауға келмейді.

Лұқпан Жолдасов, әнші: Қазақстанда неге той және концерт, тойдың әншісі, той әні деп бөліп-жарып қарайтынына таңғаламын. Той жасайтындар Ресейде де, басқа шетелдерде де бар. Әлемнің «мен» деген әртістерінің бәрі тойға барады. Мысалы, Киркоров, Басковтар бір тойдан бір тойға жету үшін жедел жәрдем көлігін жалдап барады. Өйткені ол жақта көлік кептелісі сұмдық. Ал жедел жәрдем көліктеріне арналған арнайы жолдары бар. Біздің елімізде әншілердің тойға барғанын сонша әңгіме қыламыз. Әрине, той мен концерттің айырмашылығы жоқ емес. Тойда сенің әніңді жақсы көретін де, жек көретін де адамдар отырады. Концертіңе тек сенің тыңдарманың келеді. Міне, айырмашылық осы ғана.

Расында да, қазіргі таңда сахна мен тойды бөліп-жарып қараудың жөні жоқ секілді. Өйткені той арқылы «жұлдыз» атанған әншілерді продюсерлер өздері іздеп жүреді, телеарналар өздері шақырады, журналистер сұқбат алып әлек болады. Айталық, күні кеше Асхат Тарғын мен Абай Бегей кім еді? Ешкім тани бермейтін әншілер болатын. Ал қазір олардың бірі «Мария Магдалена», енді бірі «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деген әні арқылы тойлардың жұлдызы болып шыға келді. Сол тойдың әнімен танымал болғаны үшін Абай Бегейді сынаған Роза Рымбаева тойға бармайды деп кім айтты? Соңына оркестрін, ансамблін ертіп тойға баратын, тірі дауыста ән салатын әнші көрдіңіз бе, бәрі қалтасына «минусын» салып тойға шығады. Небір хит әндер де бірінші болып тойда шырқалады. Демек, қазір сахнаға «жұлдыз» даярлайтын – той. Қазір әншілердің репертуарының ішінде міндетті түрде ойнақы, билейтін әндер, қыз ұзатуға, құдаларға, балаларға арналған әндер бар. Қазір той жасаушылар да әбден қуланып алған. Бейнеклипі жоқ әншілерді менсіне бермейді. Демек, әншілердің тойға сұранысы арту үшін клипі болуы шарт, танымал болуы үшін тойға баруы шарт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста