"Сен келгелі өмірім жақсы жаққа өзгерді": Бүркіт Айшаны туған күнімен құттықтап, сезімін білдірді

Бүркіт атымен танымал отандық әнші Айбек Жансейітов жұбайын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты.
Әнші Айшаның оны жақсы жаққа өзгерткенін атап өтті. Бүркіт сүйіктісіне балалары мен сыйлаған бақыты үшін алғысын білдірді.
"Әрқашан бақытты, көңілді және сүйікті бол! Балаларың үшін, бізге әрқашан сыйлайтын сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет! Қамқорлығыңыз үшін көп рахмет! Сіен менің өмірімде қалай пайда болдың, менің өмірім жақсарды, әдемілене түсті. Сен мені жақсы жағына өзгерттің. Бәрі үшін ризамын! Сенің бар болғаның үшін! Сен менің нұрымсың! Қайда көрінсең де айналаңда бәрі құлпырып тұр! Саған ұзақ ғұмы тілемін. Денің сау болсын! Туған күніңмен, махаббатым!" – деп жазды.
Бүркіттің құттықтауын жұлдызды әріптестері Гүлзира Айдарбекова, вайнер Серғазы Тоқтарбек жәнебасқалары жалғастыра кетті.
"Құттықтаймын! Қандай тамаша сөздер", "Отбасыларыңызға махаббат пен береке тілеймін", "Әрқашан бірге болып, бақытты болыңыздар", "Ең сұлу да үлгілі жар, ана, шаңырақ ошағын сақтаушы, туған күніңіз құтты болсын!" Айша ханымға деген махаббат", "Супер сұлулық", "Отбасыларыңызға амандық тілеймін", - деп атап өтті олар.
Айта кетейік, жұлдызды жұп отбасымен Таиландта демалып жатыр. Желіде демалыстан естелік кадрлар жариялады.





