"Сендер уақытша әйелсіңдер" Айгүл Елшібаева хор қызы туралы уағыз айтқандарды сынап тастады

"Сендер уақытша әйелсіңдер" Айгүл Елшібаева хор қызы туралы уағыз айтқандарды сынап тастады

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хор қыздары жайлы уағыз айтқан әйелді сынға алды. Әнші хадистерден үзінді келтіріп, кейбір уағызшылардың көпті адастырып жүргенін айтты. 

"Жаннатта нәпсі жоқ дейтін, бұлар хор қызына елітіп, еркекті ырықсыз шаба беретін нәпсісіне ие болмаған жануарларға теңестіруін қойса екен. Хор қызы қызметшілері болса, қызметші мен әйел деген екі мағына еді. Жұмақты гарем қылуды вахабист-салафит қатындар қойсаңдаршы.

Хор қызына мастанып отырғанда, әйелің келді дегенде мыжырайған кемпірі елестетсе, хор қызынан да сұлу болып екінші рет ғашық болады деп молдадан естігенбіз. Дін иман үшін нәпсіңмен күрес болса, сендер нәпсінің құлдарын құлшындыратын, жалғасы жұмақта жалғасады деген уағыздарыңды қойсаңдаршы.

https://www.instagram.com/aigulyelshibayeva01/?utm_source=ig_embed&ig_rid=1d5b38bf-4c9c-4888-a277-47a55a5ffb3f

Хор қыздары құранда бар екені анық, бірақ Пейіштің хор қыздары бөлек жаратылыс емес.Осы дүниеден Жанатқа барған қыздар мен әйелдер. Көп ғалымдар хор қыздар өзінің дүниадағы əйелін болады деп айтқан. Алла тағала оларды басқаша форматпен жаратады. Хор сөзі біз үшін бөтен болғасын Алланың басқа жаратылысы деп ойлаймыз. Хор сөздің мағанасы жаннатағы әйелдердің бір сипаты.

Жәннатта әр еркекке 70 хор қыз беріледі деген сөздің негізі жоқ. Бұл жөнінде сахих хадистер келмеген. Имам Бухаридың сахих жинағындағы Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте "әрбір жәннат иесіне екі хор қызы беріледі" делінген. Неші жыл бұрын әлеуметтік желіде Абдулахад Сманов есімді азаматтың "хор қыздары" туралы айтқан уағызы бар.

Жұмаққа әйелімен кірген әр еркекке 4900 хор қызы беріледі" деп елді дүрліктірген еді. Енді Смановтын медресесінің шыққан шәкірттері әр еркекке 70 хор қызы беріледі депті. Бұлар пейіштің хор қыздарына жеңгетайлық жасап дүниелік пайда табу.

Бұндай əлсіз хадистерді радикалды уаххабилер елді жыныстық жихад және жалған жихадқа шақыру үшін пайдаланады", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

"Ана өмірде 70 әйелге қалай шамамыз келеді. Қой құрсын, ана өмірде де өз әйеліңмен болған қандай жақсы", - деп жазды әнші Асхат Тарғын.

"Жетпіс әйелге барамын деп өліп жүрмесін жұрттар. Көзі жайнап барып келгендей сайрайды екен. Алла адасудан сақта! Алла сенің жолыңмен жүремін деп артық кеткендерді түзеп, елді адастыра көрме! Ең жаманы фанатизм", деп жазды блогер Мөлдір Анарбаева.

"Гүлвира ұстаз діни сауатты. Өз сөзіне жауап бере алады, артық сөйлемейік", - деді кейбір желі қолданушылары. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста