Серік Ақышев орыс қызына қалай ғашық болғанын баяндап берді

Серік Ақышев орыс қызына қалай ғашық болғанын баяндап берді

Тележүргізуші Серік Ақышев әйелі Ольгаға қалай ессіз ғашық болғанын және отбасылық өмірі қалай өзгергенін әңгімелеп берді, деп жазады NUR.KZ Сomode.kz-ке сілтеме жасап.

серик акишев

Фото: Comode.kz

Бүгінде танымал тележүргізушінің Марика және Айлин есімді екі қызы бар. Бір кездері Ольганың назарын өзіне аударту үшін талай ұйқысыз түн өткізген Серік қазірде жан жарының ол үшін музаға айналғанын жасырмайды.

“Ольганы мен алғаш рет Абай атындағы опера және балет театрында кездестірдім. Ол сахнада дайындыққа қатысып жатты. Сол сәтте жүрегім дір ете түскендей болды. Ерекше сезімді бастан кешірдім. Бірақ, сезімімді Ольгаға жеткізу үшін біраз қиналдым, бойымдағы үрейімді жеңу үшін уақыт керек болды”, – дейді Серік алғашқы сәт жайында.

“Ал мен жұмыспен шыр айналып жүріп, Серікті байқамаппын. Бірақ, бір көргеннен ұнаттым. Сезімімді білдірмеуге тырыстым”, – дейді Ольга.

акишев

Фото: Comode.kz

Қос ғашық 2001 жылы мерекелік шара кезінде танысып, сол сәттен бастап жұбы жазылмай жүрсе де, үйлену тойын жасамапты. Олар екі қызы дүниеге келіп, біраз уақыт өткен соң ғана, 2015 жылы неке сарайына барып, тіркеуден өткен.

Өз сөзінде Ольга Ақышевқа тұрмысқа шыққан соң, еттен ас әзірлеудің түрлі тәсілін үйренгенін айтып берді. Ал Серік отбасының қамын көбірек ойлап, бос уақытында бала-шағасымен бірге болуға әдеттенген.

“Бұрынғыдай көп қыдырып, көңіл көтермейтін болдым. Керек нәрсенің бәрін Олямен ақылдасамын. Соңғы кездері қыдырудан жалыға бастадым. Қазір бұрынғыдай ерте тұрамын”, – дейді танымал  тележүргізуші.

Сөз соңында өзін отбасында бақытты сезінетін Серік Ақышев көрермендер тарапынан орыс қызына үйленгені үшін талай рет сынға қалғанын да атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста