Сиви Махмұди журналист Руслан Бөлебаймен қыз жігіт болып жүргенін мойындады

Сиви Махмұди журналист Руслан Бөлебаймен қыз жігіт болып жүргенін мойындады

Әнші Сиви Махмұди хайп жасаудың шебері. Әнші марқұм журналист Руслан Бөлебаймен қыз жігіт болып кездескенін мойындады. Бұл жаңалық о баста хайп ретінде шыққанымен әнші мен журналистің кездескені рас болып шықты.

Бұл туралы әншінің өзі Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында хабарлады. 

 

Сиви 15 жылдан бері сахнада жүр. Бұл уақыт аралығында бірнеше хайп жасап үлгерді. Әнші елде хайп деген түсінік жоқ кезде хайп жасағанын айтады. 

"Мен бұрыннан хайп жасаудың шебері едім. Ол кезде хайп деген жаңадан қалыптасып келе жатты. Пиар деген енді-енді айтылып жүрген кезде мен хайп жасайтынмын. Руслан Бөлебай екеуміз алғаш рет хайп жасадық. Екеумізді БАҚ "жүреді" деп жазды. Екеуміз солай келіскенбіз. Қыз бен жігіт болып жүреді деп хайп шығардық. Ол кезде дос едік. Осы ақпарат барлық жерде жазылып, айтылып жатты. Кейін екеуміз шынында да жүріп кеттік. Қыз-жігіт болып жүрдік", - деді Сиви.

Сиви өзін әншіден гөрі актриса ретінде көреді. Кинода рөл сомдағанды ұнатады. Ал, проюсерлікпен ендігәрі айналыспайтынын жеткізді. 

"Маған актриса болу жаныма жақын. Әншілік бір бөлек қой. Оған хобби ретінде қараймын. Мәселен, "Соқыр махаббат" фильмі өте сәтсіз шыққан туынды болды. Ол корейлік киноның көшірмесі болғандықтан көпшілікке өтпеді. Былайша айтқанда плагиат. Тарихта қалатын кино емес. Бастапқыда-ақ оған қарсы болған едім, досым Ринат қолқалап қоймады. Бәріне ұнайды деді. Бірақ көрерменге ұнай қойған жоқ",- деді әнші. 

Сиви ханым адамға тез бауыр басып қалатынын айтады. Сондықтан продюсерлікті тоқтатқан көрінеді.

"Мен енді продюсер болмаймын. Мүлде тоқтаттым. Біреу тұрмысқа шығып кетеді. Келісім бұзылады. Жанарға да бауыр басып қалған сәтте өмірден озды. Өзіме ауыр тигендіктен енді продюсер болмаймын деп шештім", - деді ол.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста