Танымал әнші Альбина Шардарова ана атанды

Бүгін танымал әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов ата-ана атанды. Қуанышты жағдаймен жас жұбайлар инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр шаңырақ көтерген жұлдызды жұп қуанышты хабармен өз парақшаларында жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жас отбасының тұңғышы- қыз бала.
"Сүйінші! Алланың қалауымен ата-ана атандық. Бізде бәрі жақсы, шүкір! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге Алла разы болсын. Мен де тілеулеспін сіздерге, әсіресе осындай бақытты күтіп жүрген жандарға қабыл болсын", - деп тілекші оқырмандарына алғыс білдірді жас әке.
Тұңғыштарымен суретке түсіп, желгіе жүктеген бойда оқырмандар құттықтау айттып жарысты.
"Алла өрісіңді кеңейтсін досым. Жөргегің босамасын! Шаңырағыңа шаттықпен келсін шақалағың!", " Отбасыларыңмен аман-есен, бақытты болыңдар!", "Ханшайымның бауы берік болсын! ", - деп оқырмандары жүрекжарды тілектерін жаудырды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу