Тоқтар Серіков: Өзін бай деп сынаған жігітке жауап берді

Тоқтар Серіков: Өзін бай деп сынаған жігітке жауап берді

Өнердегі, өмірдегі айырылмас достар Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев бірге сұхбат берді. Жеке басындағы жағдайлар мен бала тәрбиесі, әншілердің өнерді қадірлемеуі, қоғамдағы қазақ тілінің жай-күйі жайлы толғанды. Тоқтар Серіков осы сұхбатта өзін айыптаған жігітке жауап берді. 

Бұл туралы қос әнші Жанар Айжановамен болған сұхбатында айтты. 

 

Тоқтар Серіков әңгімесін өзін айыптаған жігіттен бастады. "Тоқтар бай" деп желіні шулатқан жазбаға әншінің өз айтары бар. 

"Карантин басталғанда бала-шағамды алып туған ауылыма кетіп қалдым. Интернетке де, желіге де кірген жоқпын. Сол кезде мені айыптаған бір жігіт шығыпты. Мен оны кейін оқыдым. Бір сұхбатымда көзіме жас алғаным бар. Ол кезде өз жеке басымды емес, елге қатысты айттым. Еліміздің кедей екенін айттым. Қазіргі мәселелерді айтып, көзіме жас алдым. Соны көрген бір қазақтың жігіті мені бай деп сөгіпті. Оның мыңғырған малы бар, канша камазы бар, бизнесі бар, сондай ақша жасап отырып Тоқтар неге жылап отыр депті. Ол жігітке Алла риза болсын. Құдай сондай күнге жеткізсін. Айтқаны келсін деп тілеймін. Қазір достарым сол жазбадан соң мені Тоқтарбай дейтін болды", - деді әнші.

Мейрамбек Бесбаев қазіргі жастардың өнерді табыс көзі санайтынын айтады. Өнерді білмей жатып, сол арқылы ақша тапқысы келетін жастарға сын айтты.

"Кезінде Музартқа Мақсат Базарбаевтың орнына әнші іздедік. Сонда Алматыдағы барлық мейрамханаларды араладық. Ішінде ұнаған әншілермен сөйлесе бастасақ, ақша туралы сұрайды. Айлығы қанша болады деп бастайтын. Ол қанша жыл бұрын. Сонда жастардың ойында бірінші ақша тұрады. Бірінші өнер тұрмайды. Ондай әншілерден бірден бас тартып отырдық. Қазір тіптен арзандап кетті. Бір-екі ән жаза сала, тойға шығуды ойлайды. Танымал болсам, солай ақша тапсам дейді",  деді Бесбаев. 

Тоқтар Серіков қазіргі ата-аналардың балаға қазақы тәрбие бермейтінін айтып өтті. 

"Бәрі емес, бірақ ата-аналарың көпшілігі балаларына қазақы тәрбие бермейді. Орысша мульфильм көреді. Оны көрген бала міндетті түрде орысша сөйлейді. Ағылшынша сөйлейді. Мен балаларымды қазақ мектепке бердім. Қазақ тіліндей сөйлесеміз. Ал, орыс пен ағылшынды өздері-ақ үйреніп алды. Есесіне математиканы оқыттық. Қазіргі балалар шетелдік мультфильм кейіпкерлеріне еліктейді. Неге Қабанбайға еліктемейді, неге Алпамысқа еліктемейді. Неге қазақ ертегілерінің кейіпкерлеріне ұқсағысы келмейді. Неге Шректі біледі. Себебі ешкім оқытпайды. Ата-анасы да үйретпейді. Теледидардан көргенін ғана біледі. Біздің көргеніміз басқа еді. Біз басқа кейіпкерлерге ұқсағымыз келетін", - деді Тоқтар Серіков. 

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста