Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды қырғыз әншісіне "айырбастап" жіберді

Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды қырғыз әншісіне "айырбастап" жіберді

Әнші Төреғали Төреәлінің ән кешіне халық қалай жиналды?  Ал, соңғы кезде хитқа айналған "Алло" әнінің клипіне идея тастаған Баян Есентаеваны Төреғали құрметтеп шақырған жоқ.

Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды қырғыз әншісіне

Төерғали Төреәлі мен Ерке Есмахан. Фото: stan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүгінде, Төреғалидің әрбір әні хит. Концерт, той оның әнінсіз өтпейді. Сондықтан болар, жұмыс кестесі де тығыз. Әрбір тойынан 5 мың доллар табыс табатын әншінің ел-елді аралап концерттен қолы тимейді екен. Бұл жайында әншінің өзі емес, өзін арт-директорымен деп таныстырған көмекшісі айтты.

"Барған жеріміз қайтадан шақырып жатыр. Ақтау қаласында 5 концерттен, Атырау қаласында екі күн қатарынан 5 концерт болды, Ақтөбеге бір бардық ақпан айында, наурыз айында қайтадан бардық", - дейді арт-директор  Фариза Оспандиярова.

Осы аптада әнші Төреғали Төреәлі "Қазақ қызына үйленемін" атты шығармашылық кешін Алматыда, Республика Сарайында атап өтті. Сахна шымылдығын "Ассалаумағалейкум" атты жаңа әнмен ашты.

Республика сарайында осымен екінші рет концерт берген әншінің әрбір қимылын, әрбір айтқан сөзін көрермен жоғары бағалап, тіпті әншімен бірге ән де салып отырды.

Жеке кешіне әнші екі апта дайындалған, Төреғали он бес шақты жаңа ән жазып үлгерген.

Арт-директордың айтуынша, концерт бастан-аяқ фонограммасыз өтті. "Қызғанамын", "Әнге арнадым әнімді", "Арал","Төрешің" атты әндерін орындағанда Төреғали ерекше би билеп, сағынған халқын бір көңілдендірсе, "мен романтик емеспін" деген туындысында залда отырған әйел қауымына раушан гүлдер сыйлады.

Бастапқыда «Алло» әнін әнші Төреғали Ерке Есмаханмен бірге орындаған болатын. Осыдан жарты жыл бұрын шыққан туынды халыққа жылдам тарап, әп-сәтте хитқа айналып шыға келді. Алайда, қаржыға бола келіспеген екі продюсердің дауы ұлғайып, қос әнші екі жаққа кеткен еді.

Төреғали Төреәлі Ерке Есмаханды қырғыз әншісіне

Наргиза Әйтемірова

Алайда, жақында екі әнші татуласты деп телеарналардың бірінде жарияланған болатын. Дегенмен, Төреғали өзінің концертіне Еркені емес, қырғыз әншісін арнайы Қырғызстаннан шақыртыпты. Елдің көптен күткен "Алло" әнін Төреғали, Наргиза Әйтемірова есімді қырғыз әншісімен орындап, елді бір таңғалдырды.

Шығармашылық кешке Ерке Есмахан неге қатыспады деген сауалға әншінің продюсері Баян Есентаева былай жауап берді.

"Но во первых меня не приглашали это первое. Во вторых я тоже никого не приглашала. В третьих я обозначила свою позицию. Я разложила по полочкам по какой причине у нас произошел конфликт", - деді Баян Есентаева.

Қос тарап дауласса да, хитке айналып кеткен әннің табысын олар қақ бөлетін сияқты.

Қырғыз шоу-бизнесінде небәрі екі жыл ән салып жүрген Наргиза Әйтемірова "Алло" әнін алғаш орындап тұрған жоқ. Өйткені, ол осы уақытқа дейін бұл әнді өз елінде Жақут Сыдықов есімді әншімен тойлар мен корпоративті кештерде шырқап жүрген.

"Бұл ырды, менімен ырлап жүрген, Жақут Сыдықов, ұсыныс тастаған дуэт ырлайық деп, дуэт ырдадық, қазірде Қырғызстан да хит болып тұрған кезі. Қазақстанда хит екенін білемін", - дейді қырғыз әншісі Наргиза Әйтемірова.

Мәдениет министрі екі ел арасына сызат түсіріп жатқанда, халық оны жалғағысы келеді.

"Чип-Чип", "Аспанға қараймын" сынды хит әндердің орнын басып, елдің сүйікті әніне айналған "Алло", "Бол жанымда" әндерін тыңдау үшін Төреғалиді тек еліміз ғана емес, сондай-ақ алыс жақын Қытай, Монғолия, Қырғызстан сынды елдер де жиі шақыртатын болыпты. Жаздан бастап әнші сол елдерге гастрольге шықпақ.

 
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста