Төреғали Төреәлінің болашақ күйеу баласы тұсау кесіп, шапан киді (фото)

Төреғали Төреәлінің болашақ күйеу баласы тұсау кесіп, шапан киді (фото)

Отандық белгілі жас спортшы Дархан Нортаев болашақ қайын ағасы Төреғали Төреәлі секілді кішкентай балалардың тұсауын кесе бастады. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Танымал әншінің қарындасы Фариза Төреәлінің сүйіктісі той кезіндегі фотосын жүктеп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nortayevj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/nortayevj. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әлеуметтік желіде жарияланған фотодан шапан киіп алған Дархан Нортаевтың қазақтың ұлттық киіміндегі кішкентай баланы көтеріп тұрғанын көруге болады.

Суреттің астында танымал спортшы қолындағы бүлдіршіннің тұсауын кесу мәртебесі өзіне бұйырғанын мәлімдеді.

"Нұрислам батырдың тұсауын кестім, үлкен азамат болсын, жолы ашық, дұшпаны қашық болсын" , - деп жазып қойды Төреғалидің болашақ күйеу баласы.

Желі қолданушыларының ойынша, той иелері перзентінің Дархан секілді кәсіпқой спортшы әрі елге сыйлы азамат болуын қаласа керек.

"Құтты болсын, қадамы қайырлы болсын" , "Сенің жолыңды берсін, үлкен азамат болсын бізге жұғысты болсын", "Жарайсың, сендей чемпион болсын. Намысшыл бала болып өссін" , "Жас болып тұсау кесіп жүрсіз ба?" , "Сендей Чемпион болсын деп ниет еткен екен. Армандары орындала берсын", "Әлем чемпионы бол Алла жар болсын. Жұғысты болсын менің ұлдарыма" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің күйеу баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста