Қазір ғаламтордағы контенттерде балағат сөздердің үлесі артып келе жатыр. Оны әлеуметтік желілердегі пост жазбалардан, комментарийлерден сондай ақ бейнеблог, вайн сияқты ресурстардан анық байқаймыз. Бұл бір келеңсіз үрдіс пе деген сұрақ туады кейде.
Немесе қоғамның сұранысы я ақпарат айдынындағы мәдени эстетиканың жоқтығы ма? Ғаламтордағы боқтық феноменінің қыр сыры мен табиғатына үңіліп көрейік. Бір нәрсе анық. Адам бар жерде боқтық бар. Ал боқтық бар жерде не бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ғаламтор. Бір қарағанда мұнда барлығы бар. Бірақ көпшлікке ішкі әлемнің сұранысынан көрі көңілдің тояттауы маңызды сияқты. Таңдау аз. Сұрыптауға мұрша болмай, бергенді жұтып жатқандаймыз.
Екінің бірі блогер, вайнер, публицист я рэппер болған заман орнағандай әсер қалдырады қазіргі желілер. Ғаламтордағы жастар жасап жатқан контенттерге көз салсақ боқтық пен бейпілдікті барынша қолданып жатқан сыңайлы. Бұл жаман я, жақсы бір үрдіс деп диагноз қойып, байлам жасайтын біз емес. Тек байқағанымызды айтып жатқанымыз ғой.
Ғаламтор бүгінде қоғам мен мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл коммункациялық орта, сауық сайран алаңы, тіпті қажет деп тапсаң сахна да болып отырған жайы бар. Тек солай болса, анайылықтың алғы шепте жүруі қаншалықты орынды деген сұрақ туындамай ма көзі қарақты адамда.
“Қоғамды ұстап тұратын мәдениет. Мәдениет жоқ жерде барлық нәрсе анайы болады. Шешіну, жұрттың алдына шығып. Сосын қазақ халқы ұят деп есептейтін нәрселерді ұят деп есептемеу. Бұл анайылық қой енді” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Әлеуметтік желіде қалам тартып жүрген заманауи көзқарастың өкілі, блогер Алмас Тоқабаев осы мәселеге қатысты бүй дейді.
“Мен үшін орынсыз ұғымдар бар. Қасиетті сахна. Сахнаға көрінген шыға бермеу керек деген сияқты. Неге оған көрінген шыға бермеу керек. Егер кім көрінген шықпаса таланттар қайдан шығады. Сахнаға 1000 адам шығып ішінен бір талант шығуы мүмкін ғой. Тура сол сияқты сіздер де Ютубты бір қасиетті жерге айналдырып алғыңыз кеп отыр. Сәукеле киіп, камзол киіп, мына жерге ою салып алып жүретін жер емес ол. Ол адамның кәдімгі ішкі жан дүниесін көрсеткісі келсе көрсететін жер. Болды” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Иә, бұл жастардың күнделікті тіршілігіндегі болып жатқан жайттар. Вайн мен блоггинг соның айнасы іспетті. Жастар боқтап жатса оған сол боқтаған адамды сынау орынсыз дейді қоғамның тамырын ұстаушылар. Өйткені ол өмір. Одан басқа. Боқтық феноменінің өзіне келетін болсақ.
“Негізі боқтық деген ол фольклор. Заманына сай, қоғам орта өзгерген сайын оның берілу формасы басқа түрлері өзгеріп отырса да негізгі түп негізі қалады. Ол ауыз әдебиетінің бір түрі” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Әдебиетте дөрекі бейпілдік, немесе Эпатер деген ұғым бар. Ол әдеби қалыптан шығып кеткендей көрінгенімен түсіністікпен қарауды қажет ететін халықтық мұра. 2000 жылы жарық көрген Ақселеу Сейдімбеков ағамыздың Бейпіл сөздер, қазақтың эротикалық фольклоры кітабының алғы сөзінде осылай деп аңдатпа жасалды. Әсілінде қазақтың әдепсіз һәм бейпіл сөздерін 19 ғасырда жасаған танымал Башқұрт зерттеушісі Әбубәкір Диваев жинақтап 1900 жылы кітап қып басқан екен. Оның бер жағында Абайдың Қиясбайын бәріміз тарихтан білеміз. Ол бепіл, боқауыз қалыпта қоғамның кемшін тұстарын айтумен бұқараға сүйкімді болды.
“Мәдениеттен, әдебиеттен, руханияттан жұрдай адамдар бар. Аузына келгенін оттайтын. Олармен қиясбайларды салыстыруға болмайды. Олар екеуі екі әлем” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Десе де, Омар Жәлел боқтаудың феноменін дұрыс түсіну керектігін айтады. Егер сен ақылды парасатың кемелденіп, қышыған жерді боқтықпен қаси алсаң сен боқтай алатын адамсың. Ал ауыздан ақ ит кіргізіп, көк ит шығару ол әрбір наданның қолынан келеді. Сондықтан бүгінгі ғаламтордағы боқтықтың тағы бір қыры бар дейді Омар Жәлел ағамыз.
“Екінші бір жағдайы нәрсе қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, мынау әдемі сөйлейтін, көлгір сөйлейтін адамдарға қарсылық акциясы ретінде де қабылдауға болады. Әдейі боқтап, норманы бұзып сөйлейтін адамдар көбейіп келе жатыр. Неге үйткені халық әдемі сөйлейтін, жаттанды сөз сөйлейтін адамдардан, айтқан сөзін орындамайтын адамдардан жалыққан сыңайлы” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Дәл осы пікірді космоплит қаламгер Садық Шерімбек те құптайды.
“Менің өзімнің постарыма келетін болсақ, көпшілік сен әлеуметтік желіде қатты боқтайсың деп жатады. Иә, мен боқтықпен жазып тұрамын. Ал енді жастар әлеуметтік желілерде, Ютубтағы болсын, в контакте басқа да желілерде контент жасап жүрген жастардың мәселесіне келетін болсақ, иә олар да ашық түрде боқтайтын болды. Мен оны өзім былай түсінем. Қазіргі қатып қалған жүйелерге айналамыздағы қатып қалған ережелерге жастардың ішкі протесті” – дейді публицист Садық Шерімбек.
Өзін ұлы Шайқы деп атайтын Садық мырза былтыр Жүз деп аталатын кітабының тұсауын кесті. Шараға ғарышкердің кейпінде келуінің өзінен протест байқауға болатын еді. Екіжүзділік, сайқал саясат пен адамдардың құлдық психолгиясын боқтықпен сыбап тұрып, сынап тұрып жазды.
“Бұл мен үшін хайп емес. Бұл менің белгілі бір деңгейде өзімнің ойларымды шығарудың формасы деп айтатын едім” – дейді публицист Садық Шерімбек.
Фэйсбук желісінде Хард Әдебиет деген топ бар. Ондағы авторлар кіл интеллектуал жігіттер. Олар әдеби принциптердің қалпын бұзбай отырып, арасына боқтық қосып жазады. Блогерлердің айтуынша ол оқымайтын жастарға оқудың қызықты екенін аңғарту.
“Елестетейікші ал, бізде боғауыз сөз жоқ. Тек қана тап таза әдеби тілмен сөйлейісің. Қызықсыз ғой өмір, боғауыз деген бір тұздық. Боғауыз деген әдебиетке, сөзге жаңағы айтып отырған видеоларға Ютубтағы бір көркемдік беріп отыратын кішігірім тұздық. Сияқты. Бірақ астың тұзы көп болып кетсе, оны біз тағы қабылдай алмаймыз” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Осы орайда біз әлеуметтік желіде шағын сауалнама жүргізіп көрдік. Ғаламтордағы бейпілдікке қатысты жұрттың пікірі мынадай еді.
Инстаграм жұлдыздарының ішіндегі шоқтығы биік, ғафу етіңіз шоқтығы емес боқтығы бар, бірақ жазылушылары 3 млннан асатын Юфрейм шығармашылық тобы үлкен жетістікке жетті. Жуырда ғана президент алдында сөйлеп, маркетинг министрлігін құруды ұсынған топ серкесі Расул өздерін сынап мінейтін тырнақша ішіндегі Ұятмендерге былай деп жауап берді.
“Біздің ұятмендеріміз көп. Себебі аудиториямыз үлкен. Әрбір ролик бір жарым екі млн қаралым жинайды. Тиісінше бізді сынайтындар да жетерлік. Әрине олардың үлес салмағы көпшілікпен салыстырғанда аз. Бірақ ең белсенді солар болғандықтан жұрт бізге қатысты негатив көп деп ойлайды. Әсілінде біз халқымыздың ар ұяты, мәдениетіне тіл тигізуді мақсат тұтпаймыз. Біз есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қылмысқа қарсы идеяларды ұстанамыз” – дейді «YUFRAME» вайн компаниясының менеджері Расул Абдуллаев.
“Публистика өнері тек қана әдемі сөздерден тұруға міндетті емес. Және ол ережені де біреу қоюға қақысы жоқ. Сөз соңында айтқым келетіні ешқандай бір боқтау сөйлейді мен ақтамаймын. Оны бір қоғамды алға қарай игілендіріп жіберетін нәрсе деп толыққанды айтпайм. Бірақ ол нәрсенің белгілі бір деңгейде қоғамда болғаны дұрыс деп есептеймін” – дейді публицист Садық Шерімбек.
Әрине бұл жерде коммерциялық мүддені де жоққа шығаруға болмайды. Вайнерлер, блогерлер ақша тауып жатыр. Бұл былайша айтқанда публистиканың попса сипатындағы жанры десек болады. Нарықтың заңдылығы бойынша кімде сұраныс бар, сол бақ дәулетке қол жеткізеді. Ол үшін кейде кез-келген қадамға да баратындар бар. Паралель ретінде кино мен музыкаға қарап, бағамдай беруіңізге болады.
Қазір ғаламтордағы контенттерде боқауыз сөздердің үлесі артып келе жатыр. Оны әлеуметтік желілердегі пост жазбалардан, комментарийлерден сондай ақ бейнеблог, вайн сияқты ресурстардан анық байқаймыз. Бұл бір келеңсіз үрдіс пе деген сұрақ туады кейде.
Немесе қоғамның сұранысы я ақпарат айдынындағы мәдени эстетиканың жоқтығы ма? Келесі сюжетте ғаламтордағы боқтық феноменінің қыр сыры мен табиғатына үңілеміз. Бір нәрсе анық. Адам бар жерде боқтық бар. Ал боқтық бар жерде не бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ғаламтор. Бір қарағанда мұнда барлығы бар. Бірақ көпшлікке ішкі әлемнің сұранысынан көрі көңілдің тояттауы маңызды сияқты. Таңдау аз. Сұрыптауға мұрша болмай, бергенді жұтып жатқандаймыз.
Екінің бірі блогер, вайнер, публицист я рэппер болған заман орнағандай әсер қалдырады қазіргі желілер. Ғаламтордағы жастар жасап жатқан контенттерге көз салсақ боқтық пен бейпілдікті барынша қолданып жатқан сыңайлы. Бұл жаман я, жақсы бір үрдіс деп диагноз қойып, байлам жасайтын біз емес. Тек байқағанымызды айтып жатқанымыз ғой.
Ғаламтор бүгінде қоғам мен мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл коммункациялық орта, сауық сайран алаңы, тіпті қажет деп тапсаң сахна да болып отырған жайы бар. Тек солай болса, анайылықтың алғы шепте жүруі қаншалықты орынды деген сұрақ туындамай ма көзі қарақты адамда.
“Қоғамды ұстап тұратын мәдениет. Мәдениет жоқ жерде барлық нәрсе анайы болады. Шешіну, жұрттың алдына шығып. Сосын қазақ халқы ұят деп есептейтін нәрселерді ұят деп есептемеу. Бұл анайылық қой енді” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Әлеуметтік желіде қалам тартып жүрген заманауи көзқарастың өкілі, блогер Алмас Тоқабаев осы мәселеге қатысты бүй дейді.
“Мен үшін орынсыз ұғымдар бар. Қасиетті сахна. Сахнаға көрінген шыға бермеу керек деген сияқты. Неге оған көрінген шыға бермеу керек. Егер кім көрінген шықпаса таланттар қайдан шығады. Сахнаға 1000 адам шығып ішінен бір талант шығуы мүмкін ғой. Тура сол сияқты сіздер де Ютубты бір қасиетті жерге айналдырып алғыңыз кеп отыр. Сәукеле киіп, камзол киіп, мына жерге ою салып алып жүретін жер емес ол. Ол адамның кәдімгі ішкі жан дүниесін көрсеткісі келсе көрсететін жер. Болды” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Иә, бұл жастардың күнделікті тіршілігіндегі болып жатқан жайттар. Вайн мен блоггинг соның айнасы іспетті. Жастар боқтап жатса оған сол боқтаған адамды сынау орынсыз дейді қоғамның тамырын ұстаушылар. Өйткені ол өмір. Одан басқа. Боқтық феноменінің өзіне келетін болсақ.
“Негізі боқтық деген ол фольклор. Заманына сай, қоғам орта өзгерген сайын оның берілу формасы басқа түрлері өзгеріп отырса да негізгі түп негізі қалады. Ол ауыз әдебиетінің бір түрі” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Әдебиетте дөрекі бейпілдік, немесе Эпатер деген ұғым бар. Ол әдеби қалыптан шығып кеткендей көрінгенімен түсіністікпен қарауды қажет ететін халықтық мұра. 2000 жылы жарық көрген Ақселеу Сейдімбеков ағамыздың Бейпіл сөздер, қазақтың эротикалық фольклоры кітабының алғы сөзінде осылай деп аңдатпа жасалды. Әсілінде қазақтың әдепсіз һәм бейпіл сөздерін 19 ғасырда жасаған танымал Башқұрт зерттеушісі Әбубәкір Диваев жинақтап 1900 жылы кітап қып басқан екен. Оның бер жағында Абайдың Қиясбайын бәріміз тарихтан білеміз. Ол бепіл, боқауыз қалыпта қоғамның кемшін тұстарын айтумен бұқараға сүйкімді болды.
“Мәдениеттен, әдебиеттен, руханияттан жұрдай адамдар бар. Аузына келгенін оттайтын. Олармен қиясбайларды салыстыруға болмайды. Олар екеуі екі әлем” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Десе де, Омар Жәлел боқтаудың феноменін дұрыс түсіну керектігін айтады. Егер сен ақылды парасатың кемелденіп, қышыған жерді боқтықпен қаси алсаң сен боқтай алатын адамсың. Ал ауыздан ақ ит кіргізіп, көк ит шығару ол әрбір наданның қолынан келеді. Сондықтан бүгінгі ғаламтордағы боқтықтың тағы бір қыры бар дейді Омар Жәлел ағамыз.
“Екінші бір жағдайы нәрсе қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, мынау әдемі сөйлейтін, көлгір сөйлейтін адамдарға қарсылық акциясы ретінде де қабылдауға болады. Әдейі боқтап, норманы бұзып сөйлейтін адамдар көбейіп келе жатыр. Неге үйткені халық әдемі сөйлейтін, жаттанды сөз сөйлейтін адамдардан, айтқан сөзін орындамайтын адамдардан жалыққан сыңайлы” – дейді абайтанушы Омар Жәлел.
Дәл осы пікірді космоплит қаламгер Садық Шерімбек те құптайды.
“Менің өзімнің постарыма келетін болсақ, көпшілік сен әлеуметтік желіде қатты боқтайсың деп жатады. Иә, мен боқтықпен жазып тұрамын. Ал енді жастар әлеуметтік желілерде, Ютубтағы болсын, в контакте басқа да желілерде контент жасап жүрген жастардың мәселесіне келетін болсақ, иә олар да ашық түрде боқтайтын болды. Мен оны өзім былай түсінем. Қазіргі қатып қалған жүйелерге айналамыздағы қатып қалған ережелерге жастардың ішкі протесті” – дейді публицист Садық Шерімбек.
Өзін ұлы Шайқы деп атайтын Садық мырза былтыр Жүз деп аталатын кітабының тұсауын кесті. Шараға ғарышкердің кейпінде келуінің өзінен протест байқауға болатын еді. Екіжүзділік, сайқал саясат пен адамдардың құлдық психолгиясын боқтықпен сыбап тұрып, сынап тұрып жазды.
“Бұл мен үшін хайп емес. Бұл менің белгілі бір деңгейде өзімнің ойларымды шығарудың формасы деп айтатын едім” – дейді публицист Садық Шерімбек.
Фэйсбук желісінде Хард Әдебиет деген топ бар. Ондағы авторлар кіл интеллектуал жігіттер. Олар әдеби принциптердің қалпын бұзбай отырып, арасына боқтық қосып жазады. Блогерлердің айтуынша ол оқымайтын жастарға оқудың қызықты екенін аңғарту.
“Елестетейікші ал, бізде боғауыз сөз жоқ. Тек қана тап таза әдеби тілмен сөйлейісің. Қызықсыз ғой өмір, боғауыз деген бір тұздық. Боғауыз деген әдебиетке, сөзге жаңағы айтып отырған видеоларға Ютубтағы бір көркемдік беріп отыратын кішігірім тұздық. Сияқты. Бірақ астың тұзы көп болып кетсе, оны біз тағы қабылдай алмаймыз” – дейді блогер Алмас Тоқабаев.
Осы орайда біз әлеуметтік желіде шағын сауалнама жүргізіп көрдік. Ғаламтордағы бейпілдікке қатысты жұрттың пікірі мынадай еді.
Инстаграм жұлдыздарының ішіндегі шоқтығы биік, ғафу етіңіз шоқтығы емес боқтығы бар, бірақ жазылушылары 3 млннан асатын Юфрейм шығармашылық тобы үлкен жетістікке жетті. Жуырда ғана президент алдында сөйлеп, маркетинг министрлігін құруды ұсынған топ серкесі Расул өздерін сынап мінейтін тырнақша ішіндегі Ұятмендерге былай деп жауап берді.
“Біздің ятмендеріміз көп. Себебі аудиториямыз үлкен. Әрбір ролик бір жарым екі млн қаралым жинайды. Тиісінше бізді сынайтындар да жетерлік. Әрине олардың үлес салмағы көпшілікпен салыстырғанда аз. Бірақ ең белсенді солар болғандықтан жұрт бізге қатысты негатив көп деп ойлайды. Әсілінде біз халқымыздың ар ұяты, мәдениетіне тіл тигізуді мақсат тұтпаймыз. Біз есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қылмысқа қарсы идеяларды ұстанамыз” – дейді «YUFRAME» вайн компаниясының менеджері Расул Абдуллаев.

Stan.kz