"Жағдайымызды жасап отыр": Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді

"Жағдайымызды жасап отыр": Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді

Отандық танымал әнші Марат Омаровтың бірінші әйелі Шаттық Омарова қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет сұхбат берді. Ұлының басына түскен дауға байланысты бағдарламаға келген ол өзінің отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Белгілі композитордың бұрынғы жары онымен ажырасқан сәтін есіне алып, сүйіктісінің екінші және үшінші рет үйленгеніне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/marat_omarov_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/marat_omarov_kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Шаттық Назарова бұған дейін еш жерде сұхбат беріп, Марат Омаровтың бірнеше мәрте отау құрғанына қатысты пікір білдіріп көрмеген.

Белгілі композиторге үш бала сыйлаған бірінші жары бүгінде оның басқа некеде туылған перзенттерімен жақсы араласып тұратынын айтты.

"Реніш те болды. Оның барлығы артта қалды, өтіп кетті. Мен рұқсатымды бердім. Екінші әйел алды. Одан бір қызы бар. Аты - Зүлфия. Ол мені "дау мама" деп атайды. Заринаға ұқсайды. Зүлфия қызым маған тойларда, жақсылықтарда келіп тұрады. Марат еш уақытта балаларынан, бізден оқшау кетіп, жағдайымызға қарамай қойған жоқ.
Ол үйді де, жайды да жасап беріп, барлық уақытта бала-шағасына, жағдайымызға қарап отырған азамат. Сондықтан, ер азаматтар атам қазақ алты әйел алып, алты отау тіккенде ешқандай әйелдің жаны шығып кетпеген. Сол себепті, бақытты болсын, бәріміз бақытты болайық. Онда тұрған ештене жоқ сияқты" , - деді Шаттық Назарова.
 
 

Марат Омаров пен Шаттық Назарова бір некеде 11 жыл бойы бірге тұрған. Олардың ортақ үш баласы бар. Шаттық Назарова жолдасымен өткізген шағын еске алып, еріксіз көзіне жас алды.

"Маратпен 11 жыл бірге тұрдым. Ең алғашқы қыздай қосылған әйелімін. Марат ол кезде 22-де, мен 21 жаста едім. Екеуміз де Мәдениет институтын бітіріп, 1982 жылы Зарина қызымыз, 1984 жылы Мадина қызым дүниеге келді. Ең кішкентай ұлым, Алладан сұраған ұлымыз ғой. Мәкеңнің үш қатын алғандағы жалғыз ұлы осы Азамат.
Сазгерлік қабілетім бар. Мәкең екеуміз бірге ән жазатынбыз. Біз Азамат 6-7 жаста болған кезде ажырастық .Заринам 10 жаста, Мадина 8 жаста еді. Мен өмірімді, барлық махаббатымды, бар әдемілігімді мен жастығымды осы үш балма арнаған бақытты анамын. Сол кезде өкпе де, наз да болды. Бірақ, бәрі өтті де кетті. Қазір бақытты анамын, бақытты әжемін.

Айта кетейік, соңғы кезде Марат Омаровтың есімі ел аузынан түспейтін болған. Өнер иесінің ұлын түркістандық ару өзін жүкті етіп, тастап кеткенін дүйім жұртқа жайып салған болатын.

ДНҚ экспертизасы расталып, ер адам өзінен 12 жас кіші арудың баласының әкесі болып шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.

Азамат Омаров аталмыш жағдайдан кейін отбасылық өміріндеқиындықтар туындағанын мойындады. Ол әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын жеткізді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста