Жазира Байырбекова сымбатты ұлына жар болатын қыз іздеуде (фото)

Жазира Байырбекова сымбатты ұлына жар болатын қыз іздеуде (фото)

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жалғыз ұлы Қазбекке иманды жар іздейтінін айтты. Бұл туралы әншіInstagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанұясының көбейгенін қалаған Байырбекова ұлының бар жақсы қасиетін айтып, мақтанған.

"Қазбек жалғыз өскен жоқ. Әлі күнге дейін ұлым, күйеуім үшеуміз ғана тұрып көрген емеспіз. Жәкең екеуміз де көпбалалы отбасынан шыққан соң бауырларымыз, олардың бала-шағалары үйімізде тұрып келеді.
Айтайын дегенім, Қазекем (әзірге) жалғыз перзент болса да ерке емес. Сабырлы, адал, ақылды. Мен бүгінде осы жігіттен үлгі аламын, арқа сүйеймін. Кейде маған қамқорлық көрсетіп жүргенде менің ағам, әкем сияқты, болып кетеді.
"Өзің сияқты жаны таза, адал, кішіпейіл, иманды қыз табылса биыл үйленші. Көбейейік" - дегенмін. Жымиып қойып үндемей жүр. Соған қарағанда қызы жоқ-ау деймін. Жақсы, лайықты басы бос қыз болса парақшасын белгілеңіздерші", - деген әнші.

Оған қоса, әнші үйінде ұлынан басқа екі қайнысы бар екенін де алға тартқан.

Жұрт төрт сағат бұрын ғана жарияланған жазбаға 1000-нан аса пікір қалдырыпты.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста