Алматы облысында бес баласын тастап кеткен ана табылмай жатыр

Алматы облысында бес баласын тастап кеткен ана табылмай жатыр

Алматы облысы Көксу ауданында тұратын 51 жастағы азамат алты жылдан бері бес баласын жалғыз өзі асырап келеді. Ал кәмелетке толмаған бүлдіршіндерін тастап кеткен көкек ана осы уақытқа дейін алимент төлеуден қашып жүрген көрінеді.

Бүгінде оның берешегі төрт млн теңгеге жақындаған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Бақтияр Жүніс төрт қызы мен жалғыз ұлын тастап кеткен жұбайы туралы ештеңе айтқысы келмейді. Ол бүгінде жұмыс істеп, ақша табудан бөлек, балаларының тәрбиесі мен оқу үлгеріміне де жауап береді.

«Айтатындай ештеңе жоқ. Еш себепсіз кетіп қалды. Тауым шағылды, сағым сынды деп тағдырыма өкпе айтқан емеспін. Ер болған соң, еңсемді тіктеп, басқа түскен қиындықпен күресіп келемін»,- дейді жалғызбасты әке.

Отағасы әйелін оралар деген үмітпен біраз уақыт күткен екен. Алайда қазір ол үмітінің сейіліп, сенімінің жоғалғанын айтады.

Сотқа түскен шағымнан кейін «көкек ана» аналық құқығынан айырылып, алимент төлеуге міндеттеліпті.

«Бүгінгі таңда борышкердің қарызы 3 миллион 635 мыңнан астып тұр. Алайда, борышкер бүгінгі таңда табылмай жатыр. Енді сотқа іздеу жариялауға келесі аптаға ұсыныс жасап жатырмыз» – дейді жеке сот орындаушы Ермек Тазабеков.

Алайда, жалғызбасты әкенің бар мақсаты алимент өндіру емес. Бүгінде мал дәрігері болып қызмет атқаратын ол 70 мың теңге жалақы алады. Мемлекеттен берілетін 10 мың теңге жәрдемақысы тағы бар.

Дегенмен бұл қаражаттың шеттей бала-шағаға жетпейтіні түсінікті. Бірақ, «қол-аяғым сау болса, ұл-қызымды асырап жеткіземін, бастысы, балаларым аман болса», — дейді ол. 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста