Алматы-Ташкент тас жолында 500-ден астам адам қар құрсауында қалды

Алматы-Ташкент тас жолында 500-ден астам адам қар құрсауында қалды

Жамбыл облысында дүлей боранда жолда қалып қойған жолаушылардың өмірін жергілікті тұрғындар сақтап қалды. Көліктері үрінді қардың құрсауында қалғандарды ауыл азаматтары құтқарып, үйлеріне түнеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Майтөбе ауылы маңында 40-қа жуық машина омбы қарға батып қалған. Жолаушылар тіпті көлігінен түсе алмай үсіп қала жаздаған.

 

Оларды құтқаруға ауыл тұрғындары атсалысыпты. Тіпті мешітке сыймай қалған 150-ге жуық адамның бір бөлігін тұрғындар үйіне қондырған.

 

Табиғаттың тосын мінезі осы елдімекенге көбірек зардабын тигізді. Ашық қораға қамалған кәсіпкердің 120 бас қойы күртік қардың астында қатып өлген.

 

Жолда тұрып қалған техникалар да зақымдалды.

 

Аймақта ұйытқи соққан боран қазір басылды. Бірақ елдімекен көшелерін сеңдей сірескен ақ ұлпадан аршу жұмысы әлі жалғасуда.

 

Демалыс күндері төтеншеліктер мен полицейлер 200-ге жуық жолаушыны құтқарған.  

 

Руслан Шариев, Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы:

 

- Құтқару жұмысы Жуалы, Сарысу, Талас ауданында жүргізілді. Жалпы 180 адам құтқарылды , оны 14-і бала. Қар құрсауынан 25 техника жол шетіне шығарылды. Айша-Бибіде қалып қалғандарға жергілікті атқарушы органдармен үш жылыту пункті жұмылдырылды. 500-ден астамына ыстық тамақ пен шай ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста