Алматыда құтқарушылар қолы еттартқышта қалып қойған ер адамды құтқарды

Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген.
Ол еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған. Аппарат үздіксіз жұмыс істегендіктен, ер адам қолын тартып үлгере алмаған.
"2023 жылдың 26 қаңтарында құтқарушылардың кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушыдан тұратын жедел топ дереу шығып кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның қолын еттартқыштан шығаруға кірісті. Психолог-құтқарушы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу