Алматылық қыз дүкенде кеудесінен ұстаған ер адамды табуды сұрады
Алматы тұрғыны дүкенде кеудесін ұстаған ер адамның үстінен шағымданды. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісінде айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қыз супермаркетте түсірілген видеоны жариялады. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйде болған. Оның қасында тағы бір адам бар.
"18 тамызда құрбым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Бұл - жігіт деп айтуға келмейтін адам не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, не істейтінін ойлап қойған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай болмасын жазаға тартылғанын қалаймын", - деп жазды қыз әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялап.
Оның айтуынша, дүкен Гагарин мен Өтепова көшелері қиылысында орналасқан.
instagram.com/inessa.km
Алматы полициясы қазір күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.
"Дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері айыпталушыларды анықтау және оларды одан әрі жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz