Анасы мүгедек қызын ұрып-соғып, еркектерге сатып келген
Туған анасы мен әжесі қорлап, үйінде қамап ұстаған мүгедек қыздың тағдыры барша қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Сал ауруымен ауыратын 13 жастағы қызды анасы аяусыз ұрып-соғып, тіпті оны ер адамдарға сатқан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қыздың ауыр тағдырын естіген Қапшағай тұрғыны оны өз қамқорлығына алып, үйіне алып кеткен. Қазіргі таңда оның жағдайы сәл де болса жақсарып қалған.
"Тіпті медициналық сарапшының өзі 1бұл бала жол апатына түскен бе,?" деп сұрайды. "Жоқ", - дейміз", - дейді Надежда Барсукова.
Диана Иванова болса, анасы өзін аяусыз ұрып-соққанын айтады. Тіпті ол оны ер адамдарға бірнеше мәрте сатқаны анықталыпты.
"Бізді дәрігерлер тексерді. Сол кезде ол он екі адамды көрсеткенін айтты. Бір адам десе, сенер ме едім. Мен тіпті ол туралы білмеппін. Сараптама қорытындысынан бір-ақ білдім. Одан бұл туралы қалай сұрарымды да білмеймін", - дейді оны асырап алған қамқоршысы.
Ал қыздың өзі болса анасымен тұрған күндерін қорқынышпен еске алады.
"Ол мені жұдырығымен ұратын. Үнемі қан ағатынын білемін. Кейде балғамен ұратын, құлағымды сындырды. Бір күні анам кешке келіп, ішіп алған күйі менің қолымды сындыра бастады", - дейді ол.
Диананың оқиғасы бұдан жеті жыл бұрын елді дүр сілкіндірген еді. Оны туған әжесі балдағымен ұрып, ол жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бірнеше ота жасалған қызды ол кезде түрмеден шыққан анасы өз қамқорлығына алған болатын.
Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі таңда қыздың анасы Анна Ивановаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.