Ақмола облысында көлік ұрлаған әйел ұсталды

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығы жоқ мас әйелді ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Екі құрбы біреудің көлігімен серуендеп келуді шешкен. Алайда олардың сапары ұзаққа бармады. Мас жүргізушіні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Ақмолалық тұрғынның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.
Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамауда отыру қаупі төніп тұр. Сондай-ақ ол көлікті бейтаныс адамнан ұрлап кеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.





