Ақтауда 48 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Ақтауда 8-шағынаудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
2 шілде сағат 13:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен.
«Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу