Ақтауда "қыз зорлана жаздаған": полиция түсінік берді

Ақтауда "қыз зорлана жаздаған": полиция түсінік берді

Instagram-да Green Plaza тұрғынүй кешенінің маңында түнде түсірілген видео жарияланды. Жазбада қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны бола жаздағаны айтылады. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілі бұл ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Куәгерлердің айтуынша, қыз зорлаушылардан құтылмақ болып, пәтерден қашып шыққан.

 

"Қыздар, сақ болыңыздар! Бүгін түнде Ақтауда (Green Plaza ТК) зорлық-зомбылық жасала жаздады: қыз пәтерден шығып үлгерді де, төменгі қабатқа секіріп, жүгірді. Бір адам ұсталды, қалғандары қашып кетті дейді. Қыздың қолында көгерген жерлер болды", - делінген видео жазбасында.

 

 

Полиция департаменті мәліметінше, 17-шағынаудандағы оқиға 20 тамызда сағат 22:39 шамасында болған. Оқиға куәгерлері "102" нөміріне қоңырау шалып, қыздың көмек сұрап жатқанын айтты.

 

"Бұл мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ер адам мен қыз келіспей, арты жанжалға ұласқаны анықталды. 30 жастағы ер адам мен 21 жастағы қыз Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бір-біріне арыз-шағымы жоқ", - деп түсіндірді полиция.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста