Ақтөбеде оқушы қыздар арасында төбелес болды
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында мектеп оқушылары төбелескен. Ұялы телефонға түсірілген бейнематериал әлеуметтік желіге жарияланып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыздар арасындағы жанжалда бірі екіншісінің шашынан тартқан. Тағы бір видеода қолын қайырып, жерге жыққан. Осы видеоға қатысты полиция департаменті түсінік берді.
ВИДЕО: www.instagram.com/p/CFZ88GPlVru/
«Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді», - деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.