Астанада өзін жайсыз сезініп, үйіне кеткен оқушы жоғалып кетті (фото)
Астанада 12 жастағы оқушы жоғалып кетті. Азиз Нұркен 30 қазан күні бокстан жаттығуына кетіп, үйіне сол беті оралмаған деп жазады "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Ол сағат 9:30 шамасында үйінен жаттығу залына кетіп, қайтып оралмаған. Жаттығу кезінде бала өзін жайсыз сезініп, үйіне қайтпақ болыпты.
Бейнекамерадан оның алдымен диванға жатып, бір сағат бойы ұйықтағанын аңғаруға болады. Оянған соң, ол үйіне кеткен.
Бірақ онда ешкім болмай шығып, бала болса белгісіз бағытта кетіп қалған" , - дейді полиция бөлімшесінде.
Анықталғандай, балақай №70 орта мектепте алтыншы сыныпта оқиды. Бұған дейін жоғалып кеткен кездері болмаған, есепте тіркелмеген. Азиз оқушылар сарайындағы бокс секциясына қатысқан.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу