Автобустағы қылықты қыз бен оған қырындаған жігіттің оқиғасы (видео)

Ғаламторда жігіт пен қыздың танысуын көрсететін видео қызу талқыланып жатыр. Қоғамдық көліктегі бозбала мен бойжеткеннің кімдер екені әзірге белгісіз. Бейнежазбадағы қыздың қылығына сүйсініп жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.
Автобустағы жолаушылардың әңгімесі Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда белгісіз жігіт бейтаныс қызға жақындап, танысуға ұсыныс білдіреді. Қыз бен жігіттің әңгімесі қалжыңға өрілген. Танымайтын адамға тосырқамай сөйлескен қызға түрлі пікір қалдырып жатқандар көп.
"Қыз қылығымен деген, не деген сыпайы, табиғи, мәдениетті, қылықты қыз", "Шіркін-ай, қыздарымыз осындай қарапайым, табиғи қалыптарын сақтаса екен. Сонда ғана қадір-қасиеті ер адамның алдында үстем болады дер едім!", "Әдемі қыз екен. Керемет! Нағыз ақылына көркі сай, сұлу бойжеткен", — деп жазды желі қолданушылары.





