"Балалар мен әйелдер қашқан": Талдықорғанда жалаңаш ер адам елді шошытты

Кеше, 8 наурыз күні Талдықорған тұрғындары қаланы аралап жүрген жалаңаш ер адамды видеоға түсіріп алған. Полицейлер ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Видеоны Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасы жариялады.
Жазбаның астында видеоның коммуналдық базар маңында түсірілгені жазылған.
"Ол (жалаңаш адам - ред.) адамдарға жүгірді! Балалары бар әйелдер одан қорқып, бағдаршамның қызыл жанғанына қарамай жүгірген", – деп жазады жазба авторы.
Оқырмандар құқық қорғау органдарын шара қолдануға шақырды.
Жетісу облысының полиция департаменті ер адамның кім екенін анықтағанын хабарлады.
"39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған кезде алкогольдік масаң күйде болды, ер адам медициналық айықтыру бөліміне жатқызылды. Ер адам әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсталған ер адамның өзге адамдарға қауіп төндіру мүмкіндігім бар-жоғын анықтау үшін психикалық жағдайы да тексеріледі", - делінген полиция хабарламасында.





