Бес жасар қызының өрескел қылығын видеоға түсірген ана желіде қызу талқылануда (видео)
Ғаламтор желісі-жастардың «вирусына» айналып кеткен. Тіпті, кішкентайлар да сол желіден көргендерін үйреніп жүр. Осы жиырма бірінші ғасыр қарбалас заманда «ұяңда не көресің, ұшқанда соны аласың» деген мақалды «желіде не көресің, өскенде соны істейсің» деп ауыстырсам айып жоқ шығар. Мына бүлдіршіндердің қылығын қараңыз.
Аз уақыт ішінде 41 мың қаралым жинаған мына видео желіде қызу талқыға ие болды.
Аталмыш видеоны қыздың анасы түсіріп тұрғандығы байқалады. Қыздың ұлты қазақ, ұл орыс. Мына жайтқа күле қарап тұрған анасын көргенде, бұл қылығын кішкентай баласы дұрыс деп бағалап тұрған шығар.
Кішкентайлардың бұл қылығы жұрттың ашуын келтіргендігі рас. Жағымсыз пікірлерін жаудыртып жатты: “Анасы өзіне пиар жасап, жұртты күлдіру үшін түсіріп тұрғаны анық. Ал сонда тәрбие мәселесі қайда қалды? Меніңше, бұл артықтау. Қолдан ұстау бір бөлек, сүйісу бір бөлек әңгіме. Анасының санасы жоқ па? Түсінбедім”, “Анасы не деген ақымақ еді. Мұны видеоға түсіргені несі”, “Балам жоқ болса да, олардың болашағы үшін алаңдаймын”, “Бір күні балаларының төсектес болып жатқанын түсіретін шығар”, “Балалар, расымен де, бізге қарап өседі” деп жазады желідегілер.
Қызға бұл қылығын анасы үйретпеген болар. Барлығы да желіден көрген-білгеннің әсері.» Құлағымыз тынышталсын» деп бере салатын ұялы телефонды қадағаласаңыздар деймін. Құлақ тынышталғанымен, кейін жүрек тынышталмайтын жағдайға жетерміз.Кім біледі.