БҚО-да күшті желден үйдің шатыры ұшып, ағаш құлады
Батыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан ағаш автокөлікке құлап, үйдің шатыры ұшты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 шілде күні сағат 15.54-те Орал қаласында Гагарин көшесі 2/5-мекенжайында ағаш автокөлікті басып қалған.
Хабарлама түскен кезде жүргізуші автокөліктен шыға алмай отырған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ағашты кесіп, автокөлікті босатты. Жұмыс сағат 16.40-та аяқталды.
«Сондай-ақ бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылында сағат 17.00-де екпіні секундына 13 метрге дейін жеткен жел бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын (50 шаршы метр) жұлып түсірді. Орал көшесі 15-мекенжайда орналасқан үйдің жалпы ауданы – 180 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Орал қаласы тұрғындарының сөзіне қарағанда, бірнеше көшеде ағаштар құлап, қолайсыздық тудырған және автокөліктерге зақым келтірген.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz