Елордада аязды күні жолақы төлемеген студентті автобустан түсіру фактісі тексерілуде

Елордада аязды күні жолақы төлемеген студентті автобустан түсіру фактісі тексерілуде

Елордалық City Transportation Systems компаниясы аязды күні студентті автобустан түсіріп кету туралы шағымға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Бүгін менің ұлым автобустан түсіріп кетті. Ол студент және сабақтан келе жатқанда телефонының қуаты бітіп, жолақысын төлей алмаған. Қолма-қол ақша да болмаған. Бақылаушы адамгершілікпен қарамай, автобустан түсіріп кеткен. Басқа күндері, ауа райы жылы болғанда түсінуге болады. Бірақ мұндай аязды күні емес», - деп шағымданды Facebook қолданушысы.

 

Бұл жағдайға CTS компаниясы түсініктеме берді. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері желіге мониторинг кезінде мұндай жағдайларда профилактикалық әңгімелер жүргізілетінін және ешкімді жолдан түсірмейтінін айтты.

 

Аталған шағымды объективті қарау үшін, автобустардан бейнежазбаны алу үшін қызметкердің аты-жөнін, автобустың мемлекеттік немесе гараж нөмірін, оқиға болған күн мен уақыт, маршрут нөмірін нақтылау қажет.

 

«Аязды күні балаларды түсіріп кетуге болмайды деген арнайы тыйым бар. Сонымен қатар, бала көлік картасын ұмытып кетуі мүмкін, бұл жағдайда онымен әңгіме жүргізіледі және көліктен түсірілмейді. Бірақ қазіргі жағдайда бала емес, студент жол ақысын төлей алмаған. Жолақысын төлемегені үшін 2 АЕК айыппұл салынатыны белгілі. Не болғанын анықтау үшін оны тексерген қызметкердің фамилиясын, толық ақпаратты көрсету керек, осылайша біз бейнежазбаны алып, шын мәнінде не болғанын біле аламыз. Мүмкін жолаушыны түсірмеген шығар, өзі шығып кеткен болар», - деп түсіндірді City Transportation Systems баспасөз қызметі агенттік сауалына.

 

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушыларды түсірмейді. Бірақ жол ақысын төлемеген адамды анықтаса, сәйкесінше айыппұл сала алады.

 

Компания елордада жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, желідегі барлық қызметкерлермен функционалдық міндеттерін тиісінше орындау туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілетінін айтты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста