Иегова куәгерлерінің қиқуы тұрғындарды шошытты

Иегова куәгерлерінің қиқуы тұрғындарды шошытты

Атырауда иегова куәгерлерінің іс-әрекетінен қауіптенген тұрғындар наразылық білдірді. Өйткені заты болғанымен, сырттай қарағанда, аты жоқ мекеменің қызметкерлері таң атып, кеш батса діни әндер айтып, мазаларын алатын көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Онымен қоймай балаларды басқа дінге бет бұрғыза ма деген қауіптері де жоқ емес. Ал діни бірлестіктегілер әрекетіміздің бәрі заңды деп отыр.

Тұрғындардың үрейін ұшырып жүрген қуыста елеусіз тұрған ғимарат. Өзінің атауы да жоқ. Жұрттың айтуынша, жұмбақ ғимаратта аптаның белгілі бір күндері адам көбейіп, діни әуендер орындалады екен.

«Бертін келе кілең қазақтар да көбейіп кетті. Сағат 10-нан 11-ге дейін толып келеді. Үйімізде балалар бар, солар үшін қорқамыз», – дейді Атырау қаласының тұрғыны Райхан Жолмағамбетова.

Көпшіліктің көзіне күйік болған ғимараттан шыққан екі жігіт әуелгіде нақты немен айналысатынын айтпай қойды. Бірақ ақыры киелі кітапты уағыздаушылар екенін мойындады.

«Біз заң аясында жұмыс істеп жатырмыз. Барлық құжатымыз да бар. Ешкімге зиянымызды тигізген емеспіз. Ал қауіпсіздік туралы айтар болсақ, тұрғындар бізге тиіскенше, үнемі осы жерде жүретін маскүнемдер мен қаңғыбастарды жөнге салсын. Балаларын да солардан қорғасын. Ал бізден келетін зиян жоқ», – дейді «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің өкілі Александр Розионов.

Иегова куәгерлерінің бұл сөзін дін істері басқармасындағылар да растап отыр. Атырау облысында 2009 жылы тіркелген ұйымның қазір 60-қа жуық мүшесі бар көрінеді. Бірақ олардың қызметіне қатысты жауапқа тарту үшін арыз жазып қою жеткіліксіз екен.

«Ол үшін бізге міндетті түрде діни бірлестіктің діни әдебиет таратқаны туралы, немесе сіздерге келіп, үйлеріңізге келіп, насихаттағаны туралы нақты ақпарат керек. Дәлелдеме керек, сол кезде оларды жауапқа тартуға болады», – дейді Атырау облыстық дін істері басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаев.

Жұмыс істеп жатқанына жеті жыл болған «Иегова куәгерлеріне» қатысты осы уақыт аралығында бірде бір рет арыз да түспепті. Есесіне, «Жаңа өмір» атты діни ұйымның үш мүшесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал дін істері басқармасындағылар иеговалардың заңға қайшы әрекеті жоқ деп отыр.

qasym.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста