Оралда омырауын сәбиі тістеп алған 24 жастағы келіншек тілге келмей, жансақтау бөлімінде қаза тапты

Оралда омырауын сәбиі тістеп алған 24 жастағы келіншек тілге келмей, жансақтау бөлімінде қаза тапты

Өкініштісі жас ананың соңында жәутеңдеп екі баласы қалды, деп хабарлайды Kyn.kz-ке сілтеме жасаған Caravan.kz тілшісі.

Қазір қайғыдан қан жұтып отырған туыстары кезек күттіріп, ауруханадан ауруханаға жіберген дәрігерлерді жазалауды сұрап отыр.

«Дәрігерлер өз кәсібінің білгірі болса, қазір қара жамылып отырмас едік» дейді 24 жастағы қызының мәйтіне қарап жаны қарс айырылған ана.

Сонымен бірге марқұмның анасы Эльмира Аренова кенеттен ауырып барған қызының диагнозын таба алмаған дәрігерлерді әрлі-берлі сабылтып, ауруханадан ауруханаға жібергендерін, кезек күткізіп қинағандары үшін кешіре алмайтынын айтады. 

«Инфекционныйдың врачтары мынау біздікі емес, бұл дейтін мастит хирургқа барындар деді. ГМБ-ға бардық ГМб-ға ұзақ жүріп қалдық. ГМБ-дан кейін қайтарып жіберді. Үйге барғанда шыдай алмай, қайтадан скорый шақырттық. ГМб-тағы хирург қараған жоқ. Гмб-дан областнойдан қайтты»,–дейді марқұмның анасы Эльмира Арсенова.

Тағы бір айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын марқұмның төсін емізулі сәбиі тістеп алған соң жара пайда болған. Содан Асылтастың кеудесі сыздап ауыра бастаған. Ақыры омыраудағы жара шыдатпаған соң, ол жедел жәрдем шақыртқан. Десе де ақ халаттылар келіншектің қатты ауырып тұрғанына қарамастан, хирургқа кезек алдырған.

Алайда өзін жайсыз сезінген әйел дәрігер кезегін күтуге шыдамаған соң үйіне қайтқан. Артынша ол қайтадан жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Ол жердегі дәрігерлер келіншектен ештеңе таппаған соң тағы үйіне қайтарған. Үйде жағдайы күрт нашарлаған Асылтас облыстық ауруханада жеткізілген көрінеді. Осылайша 24 жастағы жас ана кеше 27 ақпанда жансақтандыру бөлімінде қайтыс болады.

Қазіргі таңда марқұмның өліміне қатысты сот-мединциналық сараптама тағайындалған. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасындағылар келіншектен неден қайтыс болғанын сараптама нәтижесінен кейін айтатындарын жеткізді.

«Облыстық көпбейінді ауруханада науқасты толықтай уролог тексерді. Бүйрегіне ультра дыбыстық зерттеу жүргізілді. Оған сейкес ем тағайындалған болатын. Алайда науқас тағы да бізге келіп түсті. Оны жансақтау бөліміне жатқызғанымызбен, жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды», – дейді Батыс Қазақстан облысы көпбейінді ауруханасының директоры Арман Байдеуов.
Caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста