Өз-өзіне қол жұмсаған оқушы қыз жұмбақ хат қалдырған
Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Талдыапан ауылында тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп жазады "Мой город" басылымы.
Қайғылы оқиға 5 шілде күні болған. Қыз сол күні құрбыларының бәріне барып шығып, үйге келгесін асылып қалған. Қыз өзіне-өзі қол жұмсардан бұрын, хат жазып қалдырыпты. Хатында "қара адам — ажал" бұрыннан шақырып жүргені жазылған.
"Өзім асылып қалмасам, жақындарымды алып кетеді. Тіпті қазір қасымда асықтырып тұр, сондықтан дұрыстап жаза алмай отырмын. Менің өліміме ешкімді айыптамаңдар", — делінген хатта.
Басылым атап өткендей, қыздан бөлек отбасында тағы бес бала бар. Өзі сабақты жақсы оқыған екен, 8 шілдеде достарымен бірге Астанаға ЭКСПО көрмесіне баруы тиіс болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу