Полиция есірткі қоюшыларды ұрып-соғып жатқан видеоға жауап берді

Ішкі істер министрлігі бейнежазбадағы ұрып-соғу оқиғалары әр уақытта, елдің әр аймағында болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "есірткі сатушыларды жазалау" деген сұмдық видео тараған еді. Полицейлердің ақпаратынша, мұндай фактілерді полиция әлеуметтік желілердің мониторингі барысында үнемі анықтап отырады.
Мұндай жағдайларда полиция жәбірленушінің жеке басын анықтайды, сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғайды, қылмыстың ықтимал қатысушыларын анықтау бойынша өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады. Сондай-ақ Telegram-чат иелерін анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Алайда мұндай чаттардың жұмысын тоқтатуда қиындықтар бар, себебі чатқа кіру жабық форматта жасалып, арналар кодталған. Сондай-ақ негізгі аккаунт жойылғаннан кейін іске қосылатын клиенттер мен жасырын тығып кетушілердің базалары бар "айна" деп аталатын арналар құрылады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды интернет-ресурстарда күмәнді ақпаратты таратуға қатыспауға, өздерінің дербес деректерін әлеуметтік желілер арқылы таратпауға шақырады. Ата-аналарға балаларының смартфондарындағы тұрғылықты жері, төлқұжат деректері, күнделікті қозғалыс маршруттары туралы ақпаратты қамтитын фотосуреттер мен бейнелерге назар аудару ұсынылады. Телефондағы бұл деректер жасөспірімнің есірткі таратумен айналысатынын көрсетуі мүмкін.





