Қарағандыда 7 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Қарағандыда 7 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Қарағандыда бір үйдің ауласында балалармен доп ойнап жүрген жеті жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Баланың аяғы сынған, деп хабарлайды eKaraganda сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, бұл жағдай 24 наурызда болған. Пришахтинск қаласындағы Зелинский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында нашар бекітілген футбол қақпасы балалармен доп ойнап жүрген баланың үстіне құлап кеткен. Оқиға салдарынан баланың аяғы сынған. Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігінің басылымға берген ақпаратынша, былтыр бұл футбол қақпалары қосымша қатайтылған, алайда бір жыл өткенде тағы да жарамсыз болып қалған. Шенеуніктердің айтуынша, қалада спорт жабдықтары мен балаларға арналған аттракциондарды тексеру жұмыстары басталып кеткен. "Зелинский көшесінің бойында құлаған футбол қақпасына қатысты мынаны хабарлаймыз: бұл футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын жан-жақты абаттандыру кезінде қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта көктемгі-жазғы кезеңнің басталуына байланысты қайта жөндеу жұмыстары басталды. Аулаларда орналасқан футбол қақпаларын қатайтылып және басқа да балалар және спорт алаңдары тексеру және қосымша нығайту жұмыстары жүреді", - деді әкімдік өкілдері. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста