Қазалыда оқушыны ұрып-соғу оқиғасына байланысты полиция бастығы қызметінен алынады

Қазалыда оқушыны ұрып-соғу оқиғасына байланысты полиция бастығы қызметінен алынады

Қызылорда облысында жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасына байланысты Қазалы аудандық полиция бөлімінің басшысы және 10 қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 6 сәуірде екі мектеп оқушылары арасында жанжал туындаған болатын.

 

Оған байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

«Тергеу барысында жәбірленушіні ұрып-соққан барлық жасөспірімнің жеке басы анықталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір Қазалы ауданында криминогендік ахуал тұрақты. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері рейдті жалғастырып жатыр. Облыстық полиция департаменті бастығының тапсырмасымен жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Қазалы ауданында арнайы құрылған жедел штабтың құрамында жұмыс істеп жүр. Құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын жүргізбеген Қазалы аудандық полиция бөлімінің басшысын қызметінен босату жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жолданды. Тағы 10 қызметкер қатаң сөгіс, сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазалыда соққыға жығылған жасөспірімнің қал-жағдайы туралы жалған ақпарат тараған еді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста