Қоғамдық көлікте ұятсыз қылық жасаған жігіт іздестіріліп жатыр
Өскемендегі қоғамдық көліктердің бірінде жолаушылардың көзінше ұятсыз қылық жасаған жігіт туралы видео әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кеткен. Мұндай мәліметті YK-news.kz ақпарат құралы таратып отыр.
Басылымның мәліметіне қарағанда ер кісінің қоғамдық көліктегі ұятсыз қылығын жолаушылардың бірі ұялы телефонға жазып алып, әлеуметтік желіге орналастырған. Бірақ аталмыш видеоның авторымен байланысу мүмкін болмпты. Ал ер жігіттің ұятсыз қылығы қылығы жайлы жолаушылардың ешбірі құқық қорғау органдарына шағым түсірмеген көрінеді. Десе де қалалық ішкі істер департаменті қоғамдық орында ұятсыз қылық жасаған жігітті іздестіріп жатқан көрінеді.
«Бұл қоғамдық тәртіпті ерекше бұзу болып саналады. Мұндай әрекетке жасаған азамат 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі (4 миллион теңгеге жуық). Немесе,заң бұзушы 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Алаш айнасы
видео 18+